Жоғарғы Сот адал сатып алушының құқығын қорғады » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Жоғарғы Сот адал сатып алушының құқығын қорғады

Жоғарғы Сот адал сатып алушының құқығын қорғады

◾ Прокурор тұрғын емес үй-жайларды иеліктен шығарудағы бұзушылықтарды анықтай отырып, Университет (ЖАҚ) мен ЖШС арасындағы мәмілелерді, сондай-ақ келесідей мәмілелерді даулады. Г. мүлікті соңғы сатып алушы болып табылады.

◾ 2003 жылы Университет жарғылық капиталына 100% мемлекет қатысатын жабық акционерлік қоғам нысанында еншілес тұлға – ЖШС-ке тұрғын емес үй-жайларды (асхана) сатқан. Алматы қаласының әкімдігі серіктестікке осы үй-жайды ұстау үшін ортақ үлестік меншікке жер үлесін берген.

◾ Өз кезегінде, 2006 жылы бұл ЖШС асхана мен жер телімін Компанияға сатқан, ол бұл мүлікті несие алып, Банкке берген. Несиені қайтармау нәтижесінде сот орындаушысы даулы мүлікті Банкке берген.

◾ 2015 жылы бұл жылжымайтын мүлікті Г. сатып алған. Прокурордың талап қоюы бойынша жергілікті соттар барлық мәмілелерді жарамсыз деп танып, жылжымайтын мүлікті Университетке қайтаруға қаулы шығарған.

◾ Соңғы сатып алушы Г.-ның кассациялық өтінішхатын қарау кезінде Жоғарғы Сот 2003 жылғы шартты, шынымен де, Университеттің лауазымды тұлғалары «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның талаптарын бұза отырып (мәмілені ЖАҚ-ның жалғыз акционерінің келісімінсіз) жеке мақсаттар үшін жасағанын, бұл АК-нің 158-бабы,1-тармағына сәйкес, оның жарамсыздығына негіз болып табылатынын анықтады.

◾ Жалғыз акционердің шешімі бойынша мәмілені бекіту туралы Заң талаптарының бұзылуына, сондай-ақ осы шешімді қабылдау Алматы қаласы әкімінің құзыретіне жатпайтынына байланысты жер үлесін сату туралы қаулы мен келісім де жарамсыз болып табылады. Бұл ретте Компанияның Банк алдында орындалмаған міндеттемесі болғандықтан және бұл заңды күшіне енген сот шешімімен расталғандықтан, Банктің даулы мүлікті сатып алушыға заң талаптарын бұза отырып, сатып алушыға айналғаны туралы ешқандай мән-жайлар анықталған жоқ.

◾ Сот орындаушысының әрекеті, өз кезегінде, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының нормаларына негізделеді, өйткені борышкердің мүлкі сауда-саттық жарамсыз деп танылғаннан кейін, сату бағасын төмендете отырып, өндіріп алушыға берілген. Соңғы сатып алушы Г.-ның Университет мүлкін бастапқы иеліктен шығару кезінде орын алған бұзушылықтар туралы білуі немесе білуі тиіс екендігі туралы ешқандай дәлелдеме жоқ, сондықтан Азаматтық кодекстің 261-бабына сәйкес,ол адал сатып алушы өлшемшарттарына сәйкес келеді деп танылды.

◾ Анықталған мән-жайлар бойынша кассациялық алқа Г-ның пайдасына шешім шығара отырып, сот актілерін өзгертті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.