Сот Қостанай қаласының әкімдігін 5 баланың анасының тұрғын үй кезегін қалпына келтіруді міндеттеді
2009 жылы аз қамтылған және халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына жататын Қостанай қаласының көп балалы отбасы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекке тұрған.
Ол кезекке тұрған кезде оның бес баласы 1 мен 22 жас аралығында болған. Арада 10 жыл өткен соң, отбасына Қостанайдан үш бөлмелі пәтер берілген.
Алайда, 3 ай өткеннен кейін қала әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі оның бөлінуінің қате екенін айтып, алдағы уақытта басқа пәтер беруге уәде беріп, тұрып жаттқан пәтерді қайтаруды талап еткен.
2024 жылы 5 баланың анасына 2019 жылы тұрғын үй кезегінен өзіне ескертпестен алып тастағаны белгілі болған. Оның өтінішіне Тұрғын үй қатынастары бөлімінен кезекке қайта қою мәселесі сот арқылы шешілуі тиіс деген жауап келген.
МАӘС-ы дауды қарай келе, Тұрғын үй қатынастары бөлімінің өтініш берушіні кезекке қалпына келтіруден бас тартуын заңсыз деп санады, талап қоюшыны кезектен шығару кезінде іс жүргізу бұзушылық рәсімдері анықталды, нәтижесінде бас тарту заңсыз деп танылып, күші жойылды.
Сот жауапкердің заңбұзушылықтарына назар аудара отырып, алдағы уақытта осындай оқиғалардың қайталанбауы үшін Қостанай қаласының әкіміне жеке ұйғарым шығарды.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
[xfvalue_img]