Женевада Қазақстанның адам құқықтарын қорғау саласындағы жетістіктері туралы баяндама ұсынылды
◾ Қазақстан Женевада БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Әмбебап мерзімді шолу (ӘМШ) жұмысы тобының 48-ші сессиясы аясында адам құқықтары мен бостандығын қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелердің орындалуы туралы IV Ұлттық баяндаманы ұсынды.
◾ Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев жетекшілік жасаған қазақстандық делегацияның құрамында ҚР Сот әкімшілігі басшысының орынбасары Асылбек Мусралинов болды.
◾ Делегация құрамында Бас прокуратураның, Ішкі істер, Мәдениет және ақпарат, Сыртқы істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту министрліктерінің лауазымды тұлғалары да болды.
◾ Өз сөзінде Е.Сәрсембаев 2019 жылғы қарашада ІІІ баяндаманы ұсынған кезден бері Қазақстан елді одан әрі демократияландыруға бағытталған бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асырғанын атап өтті. Қазақстандықтар республиканың соңғы бес жылдағы адам құқықтарын қорғау саласындағы негізгі жетістіктерін және одан әрі дамудың басым бағыттарын таныстырды.
◾ Қазақстан әкімшілік әділетті енгізу, сот ісін жүргізуді жетілдіру және сот жүйесінде бірқатар ауқымды реформаларды жүзеге асыру арқылы қолжетімді және әділ сот төрелігін қамтамасыз еткені атап өтілді.
◾ Парламентте әкімшілік әділет саласын кеңейтуге бағытталған заң жобалары бар. Қазіргі уақытта соттар мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың шешімдеріне, әрекеттері мен әрекетсіздігіне шағымдану бойынша талап қоюлардың 60%-ға дейінін қанағаттандырады.
◾ Сот әкімшілігінің сессия жұмысына қатысуы азаматтардың құқықтарын қорғау және сот төрелігінің тиімділігін арттыру үшін сот реформаларының маңыздылығын көрсетеді.
[xfvalue_img]
