Соттар мемлекеттік органға жетім баланы баспана кезегінде тұруға және уақытша баспанамен қамтамасыз етуге міндеттерді  6001-24-00-6ап/176

Соттар мемлекеттік органға жетім баланы баспана кезегінде тұруға және уақытша баспанамен қамтамасыз етуге міндеттерді 6001-24-00-6ап/176

◾ 32 жастағы Астана тұрғыны 7 жастан бастап жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатта тәрбиеленіп, сонда тұрған.
◾ Бүгінгі күні оның Қазақстанда баспанасы жоқ, бірақ тұрақты жұмыс орны бар және елордада тіркелгеніне 7 жылдан асады.
◾ 2019 жылы қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мен Астана әкімдігі оны «kezekte.kz» порталы арқылы өтініш толтыру қажеттігін алға тартып, тұрғын үй кезегіне қоюдан бас тартқан.
◾ Бірақ бұл портал да жас өлшемдеріне сәйкес келмегендіктен оның құжаттарын қабылдамаған.
◾ Жас жігіт коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға тіркеуге қоюды, тұрғын үйді кезегімен алғанға дейін уақытша жалға беруді қамтамасыз етуді талап етіп, басқарма мен қала әкімдігіне талап қоюмен сотқа жүгінген.
◾ Астана МАӘС-ы және апелляция талап қоюды қанағаттандырған.
◾ Жауапкерлер бұл шешімге кассациялық тәртіпте шағым түсірген.
◾ Жоғарғы Соттың Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы (ӘІЖСА) іс материалдарын зерделей келе, талап қоюшы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждарды Астана қаласында – кемінде өзінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша кемінде 3 жыл болғандықтан тіркеуге құқылы екенін көрсетті.
◾ 2016 жылдан бері ол Астана қаласында басқа адамның саяжайында тұрып жатыр және «kezekte.kz» порталының техникалық мүмкіндіктеріне байланысты заңды түрде тіркелу құқығын пайдалана алмайды.
◾ Талап қоюшының 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап тіркеу мәселесі бойынша жауапкерге қайталап арыз бергені туралы уәждері қанағаттандырылды.
◾ Жауапкер талап қоюшының уәждерін жоққа шығарған жоқ.
◾ Осыған байланысты ӘІЖСА тұрғын үй басқармасы мен қалалық тұрғын үй инспекциясына талап қоюшыны «жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар ретінде тіркеу міндетін жүктеген жергілікті соттармен келісті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.