«Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі»
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні жыл сайын 9 желтоқсанда атап өтіліп, әлемдік қоғамдастықтың ашықтыққа, әділеттілікке және құқық үстемдігіне қол жеткізудегі күш-жігерінің басты белгісіне айналды. Айтулы күні мемлекеттерде дәстүрлі түрде Сыбайлас жемқорлықтың ауқымы және оның қоғамға жойқын әсері туралы ақпараттарды арттыруға, сондай-ақ оны жоюдың тиімді шешімдерін табуға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.
Қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты соңғы жылдары бірқатар елеулі жетістіктерге жетіп, үздік нәтиже көрсетті. Бүгінде, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басқа мемлекеттік құрылымдармен бірлесіп, барлық салаларда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге бағытталған ауқымды бағдарламаларды жүзеге асырды.
Аталған бастамалардың қатарында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді саясатты қабылдау, азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша тиімді шараларды әзірлеу, мемлекеттік қызметтер көрсетуде ашық тетіктер құру және мемлекеттік органдар қызметінің мониторингінде азаматтық қоғамның рөлін нығайтуға айрықша назар аударылды.
Цифрлық трансформация тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ететін, сыбайлас жемқорлық көріністерінің тәуекелдерін төмендететін цифрлық сервистер әзірленіп, жүйеге енгізілді. Азаматтардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын жеңілдететін электрондық үкіметтің бірыңғай платформасы даярланды.
Мемлекеттік сатып алулар мен басқа да салалардың мониторингі процесіне тәуелсіз сарапшыларды тарту мемлекеттік институттарға ашықтық пен сенімді нығайтудағы маңызды қадамдардың біріне айналды.
Қазақстан республикасы маңызды іс-шараларды іске асыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында халықаралық стандарттарды белсенді түрде енгізуде. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні өзекті мәселе ретінде танылатындықтан, оның алдын алу барша азаматтардың міндетті жауапкершілігі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайту мақсатында ҚазҰУ-нің заң факультеті халықаралық конференцияларды, дөңгелек үстелдер мен семинарларды жоспарлап, шет елдердің ғалымдарымен өзара байланыс орнатты.
Осылайша, университет ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен және «SANALY urpaq» республикалық жобалық кеңсесімен бірге Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері» пәні бойынша республикалық олимпиаданы сәтті өткізді. Аталмыш іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен қатысушылар жиналып, өз білімдерін кеңейтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық тәртіпті күшейтуге бағытталған идеяларымен бөлісті.
Олимпиада барысында білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттікті бағалау бойынша көпсалалы жоғары оқу орындары санатындағы IQAA Ranking рейтингі Қазақстанның үздік университетінің жұмысымен танысуға бірегей мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында ҚазҰУ кітапханасының қабырғасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» тақырыбында жыл сайынғы ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілетін болады (үміткерлер www.kaznu.kz сілтемесі бойынша қатысуға өтініш бере алады). Конференцияны заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар ҒЗИ-мен бірлесе отырып ұйымдастырады.
Н.Калишева
Әл-Фараби атындағы КазҰУ-нің заң ғылымдарының докторы, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті
Д.Серікқанова
Астана қалалық соты, баспасөз қызметі бөлімінің бас маманы
[xfvalue_img]