Сот ғимаратында өткізу және ішкі объект тәртібін қамтамасыз ету талқыланды
Сырым аудандық сот әкімшісінің басшысы Ж-М.А.Вебер сот ғимаратында болу тәртібінің қатаң сақталуын және заң бұзушылықтарын болдырмау, оның алдын алу мақсатында 2018 жылдың 6 сәуірдегі № 265 «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратынын) және оның аумақтық органдарының аумағы мен ғимараттарында өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету жөніндегі Қағидалармен таныстыру мақсатында күзет қызметі қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Аталған іс-шараға Сырым аудандық соты әкімшісінің күзет қызметкерлері және сот қызметкерлері қатысты.
Сот әкімшісінің басшысы Ж-М.А.Вебер сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шараларды күшейту және қауіпсіздік мәселесіне аса көңіл бөліну қажет. Барлық мамандарға сыбайлас жемқорлыққа жол бермеулерің қатаң ескерті. Сот приставына әрдайым жұмыс орыныңда отырып, қызметтік міндеттерін тиянақты атқаруды. Сот рындаушыларының заңын оқып сол бойынша жұмыстануды.
Сот ғимаратында келеңсіздіктерді болдырмауда бүгінгі шараның маңызы зор екенін және материалдық сыйлық немесе көрсетілетін қызметтер түрінде және өзге де нысандарда кез келген сыйақыны қабылдауына қатаң түрде жол берілмесін, сотқа келушілердің аталған қағиданың талаптарына бағынуын қатаң түрде қадағалауды күзет қызметкерлеріне тапсырды.
Сыбайлас жемқорлық санатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, ондай келеңсіз жайттардың орын алмауына күш жігерімізді салып, сот жүйесінің беделіне нұқсан келтіретін жағдайлардың алдын-алу мақсатында барлығымыз бірге күресуіміз керек. Кеңсе мамандарының назарына процессуалдық нормалардан тыс адамдармен ешқандай қарым-қатынасқа түспеу, сотпен қаралып жатқан істерге байланысты тысқары адамдармен тілдеспеу, сот ішінде болып жатқан істерге байланысты ақпарат таратпау, сонымен бірге өздеріне жүктелген қызметтеріне аса жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне тоқталды.
Жанна-Мари Вебер
Сырым аудандық соты әкімшісінің басшысы
Батыс Қазақстан облысы
[xfvalue_img]