Мемлекеттік тіл және сот жүйесі
Тіл-мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Қазакстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді менгеру Казакстан Республикасының әрбір адамзатының парызы. ҚР Конституциясының 7- бабының 1-бөлігіне сәйкес Қазакстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - казак тілі деп анық көрсетілген. 1997 жылы 11 шілдеде кабылданған «Қазакстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 4-бабына сәйкес, мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қогамдык катынастардың барлык саласында қолданылатын мемлекеттік баскару, зан шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болып бекітілді. Қабылданған заң республика аумағында тілдердің колданылуының құқықтық негіздері, мемлекеттің оны дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттері белгіленді. Аталған заң республика думағында колданылатын барлык тілге бірдей кұрметпен карауды камтамасыз етіп, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін белгілеп берді.
Туған тілдің абыройын аскактату әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз, салт-санамыз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де кабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп калыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы негізінде қазіргі таңда мемлекеттік тілдің беделін көтеру үшін біршама жұмыстар атқарылып, бағдарламалар жасалынып, қоғамның барлық саласында мемлекеттік тілдің колданыс аясын кеңейту бағытында бірқатар іс-шаралар жүргізіліп, мемлекет тарапынан нормативтік-құқықтық актілер және оны кешенді іске асыруга бағытталған бағдарламалар қабылданып, әр түрлі іс-шаралар атқарылуда.
Қазіргі уақытта сот жүйесінде мемлекеттік тілдің колдану аясы жыл сайын артып келеді, ана тілімізді сот саласында берік онықтыру, оның беделін арттыру мақсатында жергілікті сотарда іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізіп, жалпы құжат айналымында мемлекеттік тілдің үлесін арттыруда іс-шаралар ауқымды жүргізілуде. Ягни кіріс-шығыс, ішкі құжаттар, жедел кеңес хаттамалары, жоғары сатыдағы соттармен және де баска мемлекеттік мекемелермен хат алмасу тек мемлекеттік тілде рәсімделіп келеді.
Мемлекеттік тілді барынша дамытуға, беделін нығайтуға еліміздің барлық азаматтары белсенді ат салысуы керек, сонда ғана елімізде жүргізілетін барлық жүйе бойынша мемлекеттік тілімідің мәртебесі арта бермек.
Мемлекеттік тілді барлық салада белсенді пайдалана отырып, дамыту, тілдің қолданылу аясын арттыруға күш салу барршамыздың міндетіміз.
Орал қалалық соты әкімшісінің аға сот приставы Н.Ж.Аралбаев
[xfvalue_img]