Сот кабинетінің артықшылығы

Сот кабинетінің артықшылығы

Бүгінгі таңда еліміздің сот жүйесіне енгізілген ақпараттық технологиялар соттардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, халықпен кері байланыс орнатуда, қызметтің сапасын арттыруда үлкен септігін тигізіп отыр.

Электронды сот төрелігін іске асыру халықтың сенімін, ақпараттың қолжетімділігін, ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз етіп отырғаны анық.

Қазіргі уақытта, сот тәжірибесінде ІТ-технологиясымен ғаламтор ресурстарының мүмкіндіктері көбірек пайдалана бастады. Себебі, ол сот төрелігін жүзеге асыру процессін жеңілдетіп, оңтайландырады және автоматтандырады, ең бастысы халыққа қолжетімді.

Республикамыздың барлық соттарында «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті», СМС-хабарлама сервистері, Талдау форумы, соттар арасындағы байланыс орталығы, дыбыс-бейнежазба құрылғысымен бейнеконференция арқылы  жаңа ақпараттық технологиялар қызмет атқаруда.

«Сот кабинеті»-электрондық ақпараттық сервистің қызметі, яғни соттағы жүйелі ақпарат берудің кеңейтілген тәсілі деп түсінуге болады. «Сот кабинеті» арқылы сотқа талап арыз беруге, сот отырысының хаттамасына ескерту келтіруге, өтініш, арыз, шағым және электрондық өтінімдерді әзірлеу және ұсыну, мемлекеттік баж салығын онлайын түрінде төлеу, деректерді сақтау мен біріктірудің қауіпсіздігі сияқты әректтерді жасауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда, «Сот кабинеті» сервисінде QR-кодтарының жаңа технологиясы енгізіліп, халыққа ыңғайлы болу үшін және бірыңғай стандартқа көшу мақсатында «Сот кабинеті» сервисінде авторизациядан өту және ұсынылатын құжаттарға қол қою тетігі өзгертілді.

Енді авторизациядан өту және құжаттарға қол қою Egov mobile мобильді қосымшасының Face ID және Touch ID (QR-кодты сканерлеу) арқылы мүмкін болады. Енгізілген жаңашылдық сервиспен жұмысты айтарлықтай дәрежеде жеңілдетті. Атап айтқанда, eGov mobile арқылы ЭЦҚ алу; компьютерде ЭЦҚ қажеттілігінің болмауы (тұрақсыз NCALayer арқылы қол қою мәселесі шешілуде); мобильді гаджеттердің қосымша параметрлерінің қажеттілігі жоқ және мобильді гаджет арқылы авторизациядан өту және құжаттарға қол қою артықшылықтары бар.

Электронды цифрлық қолтаңбасы бар кез-келген азамат үйден шықпай-ақ, «сот кабинеті» арқылы сотқа талап арыз беріп, кейін оның қаралуын бақылауға мүмкіндігі бар. Бүгінде әлемге таралған қауіпті індеттің және қашықтықтан іс қарау машықтануына байланысты, сот жұмысын онлайн форматта да қарауға мүмкіндігі зор. Сот отырыстары «WathsApp», «TrueCont», «Zoom» мобильдік қосымшасының көмегімен өткізе алады.Сот жүйесінде де заман талабына сай, электронды түрде жұмыс жасаудың нәтижесінде, жұмыс біріздендіріліп, азаматтардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік туып отыр.

БҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы А.К. Ахонова

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.