Мұрағаттағы құжаттарды есепке алу
Мұрағаттағы құжаттарды есепке алу – бұл мұрағат құжаттарының санын және құрамын есептік бірліктерде анықтау және әрбір есептік бірліктің белгілі бір кешенге жататындығын және жалпы санын есептік құжаттарда тіркеу. Мұрағаттағы құжаттарды есепке алу келесі принциптерді сақтау негізінде жүргізіледі:
- есепке алудың толықтығы мен сенімділігі;
- есептік құжаттарға өзгерістерді уақтылы және жедел енгізу немесе жаңа
- мұрағат құжаттарын есепке алудың барлық сатыларында сабақтастықты сақтауға негізделген бірегейлік;
Есептік құжаттарды жасау арқылы қамтамасыз етілетін динамикалық қасиет; 4. есепке алу бірліктерін бірегейлендіріп қолдануды білдіретін орталықтандыру.
Есептік құжаттар, істердің тізімдемелерінен басқа, қызметтік пайдалануға арналған және пайдаланушыларға берілмейді. Барлық есептік құжаттар мұрағат қоймаларында сейфтерде немесе металл шкафтарда сақталады. Негізгі есептік құжаттардағы әрбір жазба мұрағатқа құжаттардың түсуі мен шығысымен байланысты. Құжаттар басқа ұйымның (мекеменің) мұрағатына немесе мемлекеттік мұрағат мекемесіне берілгенде, сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлгенде, құжаттар табылмаған жағдайда (іздестіру жолдары таусылған жағдайда), түзетілмейтін зақым келгенде жазбалар жүргізіледі.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
әскери сотының Бас маманы Д.Ерденов
[xfvalue_img]