Сот сауда өкілінің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді

Сот сауда өкілінің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді

◾️ Павлодар қаласының тұрғыны 2020 жылдың жазынан бастап қаладағы фирмалардың бірінде сауда өкілі болып жұмыс істеген.
◾️Шартқа сәйкес оған ең төменгі жалақы және өнім сатылымынан 6% көлемінде ынталандыру төлемдері белгіленген.
◾️ Екі жылдан кейін жұмыс беруші біржақты тәртіпте сыйақы мөлшерін 6%-дан 3%-ға дейін төмендетіп, қызмет көрсету объектілерінің санын 45-тен 130-ға дейін арттырған.
◾️ Ол келісім комиссиясына үш рет жүгініп, Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (ЖШС) әрекетіне шағымдануға тырысқанымен, еш нәтиже болмаған.
◾️ Осыған байланысты ол сотқа ЖШС-дан жалақының төленбеген бөлігін, жол ақысы үшін 2,7 млн.-нан астам теңге және моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюмен жүгінген.
◾️ Сол кезде ол төрт айлық жүктілік кезеңінде болғанын және психологиялық қысым көргенін атап көрсеткен.
◾️ Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандырудан бас тартып, жұмыс берушінің сыйақы беру құқығына сілтеме жасаған және ай сайынғы 6% бонус пен жол шығынын өтеу бойынша дәлелдер жеткіліксіз деген қорытындыға келген.
◾️ Апелляция бірінші сатыдағы соттың қорытындысымен келесі негіздер бойынша келіспеді:
- куәнің бонус бағдарламасының бар екенін растаған айғақтары назарға алынбаған;
- келісім комиссиясының отырысында жазылған аудиожазбаны дәлел ретінде есепке алмау заңсыз деп танылды.
◾️ Аудиожазбада анықталғандай, келісім комиссиясының отырысында жұмыс берушінің өкілі 6% бонустың бар екенін растайды.
◾️ Сотқа жұмысшылардың жағдайын нашарлататын 3 түрлі қызметтік нұсқаулық ұсынылды, онда бонус мөлшерінің 3%-ға дейін төмендегені және жол, жанармай, ұялы байланыс төлемдерінің қысқарғаны көрсетілген.
◾️ Осыны ескере отырып, облыстық сот бірінші сатыдағы соттың шешімін жойып, талап қоюды қанағаттандырды.
◾️ Қаулы заңды күшіне енді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.