Тіл құндылығымызды жаңғырту-ел мерейі!

Тіл құндылығымызды жаңғырту-ел мерейі!

Мемлекеттік тіл-қазақ тілін меңгеру-әрбір Қазақстан Республикасы азаматының парызы. Мемлекеттік органдардың актілері мемлекеттік тілде әзірленіп, қажет болған жағдайда басқа тілдерге аударылады. Қазақ тілінің байлығы мен қабілеті әлем тілдерінің қай-қайсысын алсаңыз да, соларға лайық, пара-пар және оны осылай айтуға толық негіз бар. Сонау ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ұйытқы болған-оның қасиетті де киелі ғажайып тілі. Сол ғажайып қазақ тілінің мәртебесі қаншалықты деңгейде, оны дамытып нығайтуға қандай шаралар атқарылуда деген сұрақтар өз жауабын тапқандай.    

Мемлекеттік тіл –ұлттық сананың ең басты кілті. Тілді сөйлеу арқылы санамыздың бір түкпірінде жатқан өткен тарихқа деген көзқарасымызды түзейміз, келешекке деген көзқарасымыз ұлғаяды.

Егемендік елдің бір белесі-мемлекеттік қазақ тілі. Осы ел белесін жоғары деңгейде ұстау үшін сот жүйесі мемлекеттік қазақ тілін игеруге одан әрі дамытып нығайтуға өз үлестерін қосып келеді.  

Мемлекеттік тілге басымдық беретін, оның мәртебесін жоғарылатын бап Ата-заңымызда көрсетілсе де, кейбіреулеріміз осы мәселеге немқұрайлы қарап, мән бермейміз. Қазақ тілінің туын қазақ көтермесе, кім көтереді. Қазақ тілінің тиімділігін, оны үйренуін жүйелі түрде қолға алып, күнделікті қолдау қажеттігін түсінетін уақыт та жетті.

Ендеше, ана тіліміздің асылын талғай, бөтенін де тани білейік. Сөздің де жүйесі бар. Жүйесін тапқан сөз әрқашан да әсем бола бермек.

«Мемлекеттк тіл рухани байлығымыздың қайнар бұлағы, тәуелсіздігіміздің тірегі». Қазақ елінде, қазақ жерінде, қазақ тілі-мемлекеттік тіл өркендеуі тиіс. Оған қазақ халқы ғана емес, Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық ұлт пен ұлыс өкілдері үлес қосып, оны меңгеруі қажет.  Ол үшін ана тіліміздің қасиетін өзіміз біліп, оны қастерлеп, дәріптеп басқа ұлт өкілдеріне насихаттауымыз қажет деп білемін.

А.А.Уюмдасова

Орал қаласының мамандандырылған

тергеу соты әкімшісінің бас маманы

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.