Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің нормалары
ҚР Президентінің Жарлығымен 2022 жылғы 22 ақпанда Қазақстан мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы бекітілді.
Егер бұрынғы Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметшілерге койылатын моральдық-адамгершілік талаптар мен олардың мінез-кұлқының негізгі қағидаттары бірге қаралып келген болса, жаңа редакцияда бұл олқылықтар жойылып, мемлекеттік қызметшіге қойылатын әдеп талаптары мемлекеттік қызметшінің қызметтік қатысы жоқ ережелерден бөлек, өз алдына жеке қарастырылып отыр.
Жана редакцияда Кодекстің кұрылымы өзгертіліп, «Мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары» деп аталатын тарау енгізіліп отыр. Осыған сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі алты кағидатқа негізделген. Олар-адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарланушылық. Кодекстің жаңа редакциясында ашықтық және клиентке бағдарлану қағидаттарын сақтау талаптарына басымдылық берілген.
Әдеп кодексінің басты міндеті - сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды әзірлеу, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік әдепті сактаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндеті шараларды қабыдау, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Әдеп кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің моральдық-адамгершлік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатьн талаптар күшейе түсті. Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік апараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерліктен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы кабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс. Қызметтен тыс уақытта мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылдаған моральдық-әдептілік нормаларын ұстанып, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс. Көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары жүзеге асырады.
Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуга бағытталған. Бүгінгі танда мемлекеттік кызметшілердің әдебі мен мінез-құлықтарына үлкен мән берілуде. Сондықтан, мемлекеттік қызметте үлкен жетістіктерді баүындыруды көздеген әрбір мемлекеттік қызметші Әдеп кодексін және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Зандарының талаптарын сақтап, мемлекеттік қызметті адал атқаруы қажет.
БҚО қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған
ауданаралық сотының
сот приставы М.Е.Қадыров
[xfvalue_img]