«Тұғыры биік туған тіл»

«Тұғыры биік туған тіл»

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі. Тіл бар жерде ұлт бар. Өз тіліңнің қадірін біліп, байлығым деп санасаң жеке мемлекет ішінде тіл мәселесі көтерілмес еді. Біздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз, мемлекеттік тіліміз ұлтымыздың көкке ұстар тірегі.

Тіл - ұлт пен ұлтты жақындастыратын айрықша қатынас құралы. Конституциямызда «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп жазылғаны баршамызға аян. Мемлекеттік тілді сақтап, дамыту мемлекет тұрақтылғының, тәуелсіздігінің бір кепілі. Қазақ тілі қазақты әлемге таныта алады. Мемлекеттік тіл мәселесі – ұлттың мәселесі. Еліміздегі халықтардың барлық іс-әрекеттерінің, қарым-қатынасының құралы болуы қажет, тіл мәртебесін аспандату әрбіріміздің парызымыз. Бүгінгі күні мемлекеттік тілді қоғам өмірінің барлық саласына тереңдете енгізу маңызы зор құбылыс.

Қазіргі уақытта, сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану аясы жыл сайын артып келеді. Сот ісін жүргізу тілі ретінде басымдық – мемлекеттік тілге деген талап күшейтілді. Мемлекеттік тілді талап қоюды дайындау кезінде туындайтын сұрақтарды шешу тәжірибелік көмек көрсету, мемлекеттік тілде берілетін талап қоюдың үлес санын көбейту мәселесі күн тәртібінен түспей келеді.

Тіл - ұлттың ең басты айырмашылығы болып табылады. Қазақ тілі - ата- бабамыздан қалған баға жетпес асыл мұра. Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтап, таза ұстап, жаны ашуы тиіс. Тілді ұмытпау, сақтау, кадірлеу Елбасымыздың жастарға жүктеген ең басты тапсырмасы. Мемлекеттік тіл мәселесінде, ұстанымдары-ның негізгі «Қазақ тілі» қоғамының алдына қойған мақсатының бір парасы тіл мәдениетін көтеру болып отыр. Қазақ тілінің мәртебесін нығайту үшін барлық қазақстандықтар мен шет елдегі қандастарымыздың қазақ тіліне деген құрметін арттыру, қазақ тілінің табиғи қалпын сақтау - қоғамның күн тәртібіндегі өткір мәселелер болып жатыр. Бұл ретте өңірлерде қазақ тілінің дамуына, жер-су, елді мекендердің тарихи атауларының қайта қалпына келтірілуіне барынша атсалысу жергілікті жерлердегі бөлімшелердің басты міндеті болып табылады.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қазақ тілін дамыту,оның қолдану аясын кеңейту, дамуы мен жетілуіне жан-жақты қамқор жасау бүгінгі күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселелердің бірі. Осындай мемлекеттік маңызды мәселені жүзеге асыру үшін арнайы қабылдаған бағдарлама мен іс- шараларды тұрақты түрде жүргізу, күнделікті жұмыс барысында мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру бәрімізге ортақ міндет. 

Мұғалжар аудандық сотында қаралатын істердің біршамасы қазақ тілінде қаралуда. Соның ішінде, Қазақстан Республикасының қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзуі мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған жағдайда орыс тiлiнде немесе басқа тiлдер де мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады. «Мемлекеттік тіл – бұл мемлекеттік басқару тілі, заңнама, іс жүргізу, сот ісін жүргізу, мемлекеттін барлық аумақтарында, барлық қоғамдық қарым-қатынастардың саласындағы қолданылатыны және де мемлекеттік тілді көтеру мақсатында, іс жүргізу құжаттары қазақ тілінде жүргізілуі керек деп санаймын.

Мұғалжар аудандық сот әкімшісінің

басшысы А.Т.Иманбекова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.