Жоғарғы Сот сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларды заңсыз ұстауға қатысты сот практикасын қорытындылады
Жоғарғы Сот 2019-2023 жылдарға және 2024 жылдың 1 жартыжылдығына сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу туралы қылмыстық істер бойынша сот практикасына талдау жасады.
◾️ Конституция адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды өзінің мақсаты етіп қойды.
◾️ Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау тәсілдерінің бірі жануарлар дүниесінің алуан түрлілігін сақтауға қол сұғатын субъектілерге қылмыстық-құқықтық шаралар қолдану болып табылады.
◾️ Осы кезеңде Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша 796 адамға қатысты барлығы 608 қылмыстық іс қаралды (үкім шығарумен).
◾️ Сотталғандардың 22,5 пайызы бас бостандығынан айырылды.
◾️ Ал 18 іс оңалтуға жатпайтын негіздер бойынша (ҚК-нің 68-бабының 3-бөлігі), 1 іс оңалту белгілері бойынша тоқтатылды.
◾️ Сондай-ақ, 3 ақтау үкім шығарылды.
◾️ Апелляцияда 228 адамға қатысты үкімге шағым түсіріліп, 10-ына қатысты үкімнің күші жойылды, 47-сіне қатысты үкім өзгертілді.
◾️ Кассацияда 30 адамға қатысты іс қаралып, 4-уінің үкімі жойылды, 17-сінің үкімі өзгертілді.
◾️ Жалпы, қорыту жасалған санаттағы сот практикасы тұрақтылықпен сипатталады, ал соттар, жалпы алғанда, қылмыстық заңнаманы дұрыс қолданады.
◾️ Қорытуларда қылмыстың ауырлығына қарай жазаны даралау мақсатында іс-әрекеттерді саралау мәселелерін көрсетеді (жануарларды атуға немесе ұстауға қатысқан адамдарға неғұрлым қатаң жаза, дериваттар заттарды иеленуге кінәлілерге жеңілірек жаза).
◾️ Жануарларды табиғи ортадан тікелей шығарған адамдардан залалды дұрыс өндіріп алу үшін қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу мәселелері де көтеріледі.
◾️ Қылмыс жасаған адамдардың әрекеттерін ҚК-нің 339-бабында көзделгендей, ҚК-нің 337-бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығынсыз қайта саралау ұсынылды.
◾️ Сотталған адамды қандай қызметпен айналысу құқығынан айыратын түрін көрсетпей, қосымша жаза тағайындауға болатын жағдайларға мысалдар келтірілген.
◾️ Қорытулар заңнаманы жетілдіру қажеттілігіне назар аударады.
◾️ Қорытулар мына жерде орналастырылған: ➡️
[xfvalue_img]