«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің нормалары»

«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің нормалары»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі жаңа редакцияда бекітілді.

Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі рөлі, мемлекеттік қызметшілердің ұстанымдары мен қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылу қажеттігі айшықталған.

"Мемлекеттік қызметшілерге келесі талаптар қойылады:

  • қарапайым болу, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау, шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпау;
  • мемлекет мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұру;

3) заңда белгіленген шектеулерді сақтауға, мүдделер қақтығысын болдырмау;
4) азаматтармен қарым-қатынаста дұрыстық танытуға, дөрекілік, ар-намысты қорлау, әдепсіздік және дұрыс емес мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге, өз іс-әрекеттерімен және мінез-құлықтарымен өз тарапынан сын тудырмау;
5) іскерлік этикет пен қызметтік мінез-құлық ережелерін сақтауға, азаматтардың алдында өздері өкілдері болып табылатын мемлекеттік органдардың қадір-қасиеті мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеу;

6) қызметтiк мiндеттердi орындауға байланысты заңсыз уәделер бермеу және кез келген сипаттағы заңсыз мiндеттемелердi алмау;

7) өзiнiң қызмет бабын мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, мемлекеттiк қызметшiлердiң және өзге де тұлғалардың қызметiне жеке мәселелерiн шешу кезiнде ықпал ету үшiн, сондай-ақ қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, өзге де коммерциялық емес ұйымдардың мүдделерi үшiн онымен байланысты мүмкiндiктердi пайдаланбау оның ішінде олармен қарым-қатынасын ілгерілету үшін;

8) мемлекеттiк мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттiк мүлiктi тек мақсаты бойынша, қызметтiк мiндеттерiн орындау және рұқсат етiлген қызмет үшiн пайдалану;

9) қызметтік міндеттерін адал орындауға кедергі келтіретін заңсыз қаржылық және мүліктік мүдделерді көздемеу."
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің жүріс-тұрыс ережелері  қызметтік әдеп стандарттарында көрініс тапқан.

Атап айтқанда, қоғамдық кеңістіктегі, мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен және әріптестерімен қызметтік қарым-қатынастағы, қызметтен тыс уақыттағы қызметтік әдебінің стандарттары.
Мәселен, мемлекеттік қызметшілер қарапайым болуға, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтауға, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға міндетті.

Сонымен бірге, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік танытуы, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеуі, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмауы тиіс.

Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қарым-қатынаста ұжымда іскерлік және жанашыр өзара қарым-қатынас пен сындарлы ынтымақтастықты орнатуға және оны нығайтуға ықпал етеді.

Тлемберлиева Алия Артуровна

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының бас маманы

                                                                                 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.