«Қылмыстық істерді алқабилердің қатысуымен қарау тәжірибесі»

«Қылмыстық істерді алқабилердің қатысуымен қарау тәжірибесі»

        Қазақстан Республиксында алқабилер сотының пайда болуы тәуелсіздік алған кезден бастап әлемдік талапқа сай құқықтық мемлекет құруға жасалған ұмтылыстың нәтижесі. Жалпы құқықтық мемлекеттің басты қағидаттары- сот әділдігінің заң шеңберінде атқарылуынан, сотқа барша халықтың қолжетімділігінен көрінеді. Сол секілді халықтың сот төрелігін жүзеге асыруға қатысуы мемлекеттің демократиялық бағытта дамуының бірден-бір көрсеткіші болып есептеледі.

Өйткені бұл үрдіс онда қабылданған шешімнің заңды емес, сонымен бірге әділетті болуына да ықпал етеді. Алқабилердің қатысуымен істі қаралуын таңдау, бұл яғни, сотталушылардың мұндай мүмкіндікке жүгінуіне туысқандарының, түрмедегі бір камерадағы адамдардың пікірі, өзінің айыпсыздығына сенімділігі, алқабилердің кешірімділігіне үміттенуі себеп болуы мүмкін.

Соңғы бес жылда яғни, 2020 жылы – 5 /бес/ іс, 2021 жылы-2 /екі/ іс, 2022 жылы қаралмаған, 2023 жылы 7 /жеті/ жеті іс, 2024 жылдың басынан күні бүгінге дейін 13-іс қаралып үкім шықты, көрсетілгендей, қаралатын іс саны тұрақты емес, жыл сайын өзгеріп отырады.  

«Алқабилер туралы» ҚР-сы Заңының 10 бабының талабына сай алқабиге кандидаттар тізімдеріне

  • 1) алқабилер тізімдерін жасау кезінде 25 жасқа толмағандар,
  • 2) өтелмеген не алынбаған соттылығы барлар,
  • 3) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдар,
  • 4) судьялар, прокурорлар, тергеушілер, адвокаттар, мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері,
  • 5) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғандар енгізілмейді.

Алқабиге кандидаттардың тізімдерінен алынып тасталатындар:

  • 1) қылмыстық іс бойынша сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адамдар,
  • 2) өздерінің дене кемістігі немесе психикалық кемістігі салдарынан алқабидің міндеттерін атқаруға қабілетсіз адамдар,
  • 3) жасы 65 жастан асқан адамдар,
  • 4) діни қызметшілер өздерінің жазбаша өтініші бойынша алып тасталады.

      Судья қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауын тағайындағаннан кейін сотта тұрған тізімнен кездейсоқ таңдап алу жолымен алқабилерге кандидаттарды іріктеуді жүргізеді. Бірнеше іріктеулерден кейін негізгі құрамда 10 алқаби және қосалқы құрамда екі алқаби құрамы жеребе тастау арқылы құрылады. Қосалқы екі алқаби сот талқылауына қатысады және олардың әрқайсысы, егер негізгі алқаби қандай да болмасын себептермен сот отырысына қатыса алмаған жағдайда оны ауыстыру мүмкіндігіне ие болады. Алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу үшін іс жүргізу заңында белгіленген тәртіппен іріктелген адам ант қабылдайды. Алқабиге кандидаттардың тізімін жасау механизмі «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының заңында жариялық пен адамгершілік үрдісінің қағидасына сүйене отырып, айқын көрініс тапқан.

Алқабилер тізімі жыл сайын жаңартылып отырады. Жергілікті жерлерде аудан, қала әкімдері халықпен пікірлесе отырып,өз ұсыныстарын облыс әкімшілігі тізімде ұсынылған азаматтардың алқабидің мәртебелі міндетін атқаруға лайықты не лайықсыздығын, қойылатын талаптарға сәйкес келетіндігін анықтап, қорытындысы бойынша алқабилердің негізгі және қосымша тізімдерін облыстық сотқа ұсынады.

       Бір істі қарау үшін 10 негізгі және 2 қосымша алқаби іріктеледі. Қосымша іріктелген алқабилер сот залында сот отырысы аяқталғанша отырады. Егер негізгі алқабилердің бірі шығып қалса, оның орнын қосымша іріктеуден өткен алқабилерді алады. Ал негізгі алқабилерді ауыстыру мүмкіндігі шектелсе, сот отырысы жарамсыз болып, алдын- ала кандиттарды іріктеу жұмысы қайта басталады.

      Кеңесу бөлмесінде он алқаби және бір кәсіби төрағалық етуші судья дауыс береді және олардың дауыстары тең дәрежеде болады. Дауыс беру жабық өтеді.Белгілі бір адамды айыпты деп тану үшін дауыс берушілердің басым бөлігі үш сұраққа мақұлдап жауап беруі тиіс. Ал адамды ақтап алу үшін дауыс бергендердің алтауы немесе одан да көбі үш сұрақтың біріне жағымсыз жауап беруі шарт.

      Егер сотталушы Қылмыстық кодекстің өмір бойы бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасын кесу баптары бойынша жазаланса, онда сотталушының ісі алқабилердің қатысуымен қаралады. Тиісті өтінішті күдікті қылмыстық іспен танысу барысында жасай алады, не сотталушы алдын ала жасалатын тыңдаулар барысында, яғни соттың негізгі талқылауы алдында өз өтінішін білдіреді. Ал қаралып жатқан іс бойынша өмір бойы бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасына кесу баптарымен жазалау көзделмесе, бұл іске алқабилерді қатыстыру туралы өтініш қабылданбайды. Соттың негізгі талқылуы белгіленіп қойғаннан кейін өтініш білдірсе, сотталушының талабы орындалмайды.

Біріншіден, алқабилер кәсіби заңгер емес. Шешім қабылдаған кезде олар «Жақсылық» пен «Зұлымдық», «Ар-ұят» пен «Әділдік» категорияларын басшылыққа алады. Ал құқықтық нормаларда бекітілген жалпыға бірдей міндетті ережелер қалыс қалып қойып жатады. Олардың заңды білмеуі және мағынасын түсінбеуі алқабилер алқасының тиісті түрде сот әділдігін жүзеге асыруын қиындатады.

Қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қараудың өзіндік ерекшеліктері бар және қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленген нормалардан басқа, айыптаушы және қорғаушы тараптарға белгілі бір міндеттер жүктейді. Мысалы: алқабиге кандидаттар арасынан объективті шешім қабылдауға қабілетті тұлғаларды тани және таба білуі; алқабилердің сенімін оята білуі; сотта сұралатын адамдарға, нақты жауап реакциясын туындататын, анық, түсінікті және нақты сұрақ қоя білуі; сұрақтар алқабилерге түсінікті болуы керек; алқабилердің назарын өзіне аудара білуі және сендіре білуі. Прокурордың шешендік өнері (ораторское искусство) алқабилердің қатысуымен қылмыстық істі қарау барысында және сот жарыссөзінде - мемлекеттік айыптауды қолдаудың маңызды элементі болып табылады.

Ата-бабаларымыз негізін қалап кеткен, қазіргі кезде ұмытып қалған билер соты – дала демократиясының нағыз үлгісі болғаны, түрлі дау – дамайларды әділ шешіп, қара қылды қақ жарғандай етіп әділ билік айтуда теңдессіз болғанына таң қалмасқа шара жоқ. Ал қазіргі алқабилер туралы айтар болсақ, оның қарапайым халықты сот билігіне, сот төрелігін жүргізуге тарту мақсатында игі оймен қатар кемшіл тұстары да жетерлік. «Әділ бидің елін дау араламайды, әділ ханның ауылын жау араламайды» деген екен дана халқымыз. Әділдік жоқ жерде бәрі бекершілік. Әділетсіздіктің ең сорақысы заң жолымен жасалған әділетсіздік деп білемін. «Халыққа бай құт емес, би құт» деген екен Төле би және де ханда қырық адамның ақылы болса, биде қырық адамның ары мен білімі болады депті, осыларды терең зерделесек, ел жұрт алдында халық алдында судьяның орны да, қызметі де зор екенін анық байқаймыз.

     Алқабилер соты - қоғам үшін өзіндік демократияның мектебі деуге болады.

     Алқабилер соты - нағыз халықтық сот, онда қарапайым адамдар халықтың атынан заңдылықты анықтау мен әділдікке жету үшін сот төрелігіне араласады. Алқабилердің кәсіби соттардан айырмашылығы, олар арнайы білім, теорияға сүйенбей-ақ, істі мәнісі бойынша өмірлік тәжірибеге сүйеніп шешуге тырысады. Олар қоғам мен қарапайым халыктың мүддесін қорғайды. Алқабилер адамгершілік, ар-ождан, мораль, тәжірибеге сүйеніп шешім қабылдайды.

      Алқабилер соты халық пен мемлекет арасындағы байланыстырушы алтын көпір секілді. Елімізде азаматтық қоғамның биліктің жүзеге асырылуына көптеп тартылуы, қоғам белсенділігі, азаматтық қоғамды қалыптастыру мен шешімдердің заңдылығына халықтың сенімін арттыруға әкеледі.

А.К. Ахонова    

БҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

бас маманы    

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.