Мемлекеттік тіл мәртебесі
Әлемдегі барлық тілдің жалпы санын анықтау мүмкін емес, сол себепті тілдердің жалпы саны жөніндегі мәліметтер әр түрлі болып келеді. Бір деректерде тілдердің саны 10 000-ға жуық делінсе, бірі - 7000, ал тағы біреулер - 6000-6500 деп айтады. Алайда қазіргі таңда Еуропа елдерінде ағылшын тілі мен францус тілі көп қолданылады, ал Азия мемлекеттерінде әр мемлекет өз тілдерінде сөйлейді. Осы сияқты Қазақстанның да тілі, тек өз аумағында қолданылады.
Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Конститутциясында бекітілген. Бүгінгі таңда қазақ тілінде сөйлеушілер саны 16 миллионнаң астам, бұл жағынан біздің ана тіліміз әлемдегі 40 тілдің қатарына енеді.Қазақ тілі ЮНЕСКО-ның Index Translationum статистикасы шығарған рейтинг желісінде ТОП-50 аударушы тіл қатарына енген. Ол бойынша қазақ тілі әлем әдебиеттерін аударушы 46 тілдің бәрі болған. Әлемдік шығармалардың басым көпшілігі неміс, францус, испан,ағылшын, жапон тілдеріне аударылады, ал орыс тілі 7-орынға жайғасқан.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тіліне қатысты мынадай пікір білдірген болатын: “Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі – ең таза әрі бай тілдің бірі.
Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал. Меніңше, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады.”Ия, еліміздің басшысымен толықтай келісуге болады, себебі еліміздің тарихы да, тағдыры да – тілде.
Халел Досмұхамедов айтқандай: «Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел болмайды. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт»,- деген. Болашақта қазақ тілі жойылатын болса, қазақ халқыда жойылады. Қазірде қазақ тілін қолданушылар саны азаймаса, көбейер емес. Елімізде қазақ тілімен қатар, орыс тіліде қолданылады және қазірде халық арасында, әсіресе жастар арасында орыс тілінде сөйлейтіндер көбейіп келе жатыр. Ұлты қазақ бола тұра: “Мен қазақша білмеймін!”,- деген адамдар саны жылдан жылға өсуде. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін, әрбір қазақ азаматы қай жерде, қандай ортада болмасын ана тілінде сөйлеуі керек.
Тілдің құқығын қорғай отырып, шала қазақтар мен мемлекеттік тілді білмейтін, үйренуге талпынбайтын азаматтарға, елімізде тұрып жатырған қазақ тілін мергенген өзге ұлт өкілдерін үлгі ретінде көрсетіп, еліміздің түкпір-түкпіріне жеткізу қажет.
Ана тіліміздің тағдырына келгенде, кішіпейілділік пен қонақжайлылықты қойып, әркімнің ығына жығылмай, тек өз тілімізде сөйлесек қана, қазақ тіліміздің мәртебесі көтерілмек.
Сондай-ақ, тіл – қастерлі де қасиетті үғым. Ол әрбір адамға анасындай қымбат. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі.
Тек ана тіліміз арқылы ата-анаға, елге, Отанға, халыққа деген махаббатымызды жеткізе алатынымыз анық, олай болса, адам баласы өз анасын қалай сүйсе, өз тілін де солай сүйіп құрмет тұтқаны абзал деп білемін.
А.С.Байгелова
Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сот Әкімшісінің сот отырысының бас маманы – хатшысы
[xfvalue_img]