Мемлекеттік қызметшінің әдебі
Соңғы кездері мемлекеттік қызметішінің этикасы мен имиджіне үлкен мән берілуде.Мемлекеттік қызметтегі тұлғалардың мінез-құлық нормалары мен прициптерін негіздеудің де мән-маңызы зор. Мемлекеттік қызметті өткеру кезінде мемлекет пен қоғам тарапынан білдірілген зор сенім, үлкен жауапкершілік болып табылады.
Мемлекеттік қызметші этикасы – мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік қызметін орындауда оңтайлы көзқарасты көрсететін адамдық қарым-қатынас болып табылады. Негізгі міндет-мемлекеттік қызметті жүзеге асыру, қоғаммен жүйелі байланыс орната отырып, өз қызметін сапалы атқару.
Этикеттің бастау алған отанын атап өтетін болсақ, сонау XIV ғасырдағы Италия болып есептеледі, сол кездегі Англия, Германия және Францияға қарағанда тектілігімен, білімділігімен текті адамдар қалыптасқан қоғамда өзін-өзі ұстай алу қабілеті болуымен ерекшеленген. Демек, сонау ширек ғасырдан бастау алған этикет, бүгінде өзінің шарықтау шегінде тұр.
Жалпы азаматтық және арнайы қасиеттерге тоқталу арқылы мемлекеттік қызметшінің этикалық бейнесін шығаруға болады. Жемісті еңбек қызметшілер арасындағы қарым –қатынас үрдісінде өзара адалдық пен әділдікті талап етеді.Мемлекеттік қызметшінің ақиқат шыншыл болуы-оның маңызды моральдық қасиеті болып табылады. Мемлекеттік қызметшіге қажет бір қасиет-тыңдай білу. Тыңдай отырып, қоғамға ақпаратты дұрыс, тыңғылықты жеткізу, қоғамда бейтарап пікір орната отырып, жақсы сеніммен ой қалыптастыру болып табылады.
Қоршаған ортамен мемлекет мүддесіне байланыстыра отырып, мемлекеттік қызметшінің өзін-өзі ұдайы жетілдіру ғана емес, өзгелерден сондай талап ете отырып, білікті сапалы қызмет атқару деп есептеймін.
Орал қаласының мамандандырыған
тергеу соты әкімшісінің бас маманы
Уюмдасова Альмира Аскаровна
[xfvalue_img]