Мемлекеттік қызметтегі әдептілік!
Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер.
Жалпы қоғамға әдептіліктің дара жолын салған сонау ширек ғасырдан келе жатқан шығыс ғалымдарының айтуынша «Әдеп адамның өмір сүру тәсілі мен өмір жолына байланысты, жақсы адам болып қалыптасу үшін жаратылысынан гөрі жаттығудың рөлі зор” деп бекер айтпаса керек.
Әдептанудың негізгі мақсаты адамға жамандықтың зияндылығын түсіндіріп, одан бойын аулақ салуға үйретіп, тура жолды — әдептілік, адамгершілік жолын сілтеуі. Өйткені қоғамдағы ең бағалы адам — барлық адам бойындағы жақсы қасиеттерді көрегенділікпен бойына сіңіріп, көркем мінезді адам. Қай қоғамда да әдеп жолға қойылса, сол қоғамның абыройы жоғары, мәртебесі қашанда шоқтығы биік болатындығына сенімім мол.
Мемлекеттік қызметкер әр түрлі қоғам мүшелерінің өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста, демек атқарылып жатқан қызметте аз емес. Мемлекеттік қызметкерге жалпы қабылданған этикет сақтау өте маңызды, себебі ол тікелей адаммен жұмыс жасайды және әр түрлі адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы қызмет атқарады. Сондықтан мемлекеттік қызметкердің сыртқы бейнесі, киім-киісі, іс-қимыл әрекеттері, сөйлеу мәнері, ой-пікірі, жеке қасиеттерінің барлығы да адамға нұқсан келтірмейтіндей қызмет ету керек. Осы аталғандардың барлығын сақтау үшін этикеттің принциптерін ұстану керек.
Мемлекеттік қызметші үнемі қоғам назарынының айнасы, мемлекеттік қызметші - ең әуелі адамгершілігімен әдебімен көрікті. Әдептілік – өзіңді әр түрлі жағдайда мінез-құлықтың жалпы ережелеріне, эстетиқалық, этиқалық талаптарға сәйкес ұстай білу.
Әдепті мемлекеттік қызметші ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады. Мемлекеттік қызметші мәдениеті жоғары болған сайын оның айналасындағы адамдарымен қарым-қатынасы сыпайы бола түседі.
Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң мемлекеттік орган басшыларының өздерінің және бағыныстыларының мемлекеттік қызмет этикасы нормаларын сақтауы үшін жауапкершілігін арттыратынын атап өту қажет.
Халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепті мінез-құлық жағдайларынмен, сыпайы қарым-қатынас орын алған жағдайда ғана сенімнің орнауына үлкен септігін тигізеді деп білемін.
Еліміздің ертеңі – бүгіннен бастау алады. Болашаққа дұрыс бағдар кез-келген халықтың, елдің әрі қарай көш бастауына себеп ел бірлігі деп білемін!
Орал қаласының
мамандандырылған
тергеу сотының бас маманы
Гульмира Темиргалиева
[xfvalue_img]