Мемлекеттік тіл – тәуелсіздігіміздің тірегі

Мемлекеттік тіл – тәуелсіздігіміздің тірегі

«Ұлт болудың бір емес, бірнеше шарты бар. Соның ең басты және ең негізгі шарты – ұлттық тіл», – деген екен Қазақстанның халық жазушысы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қадыр Мырза Әлі Ғинаятұлы. Бүгінгідей ел болып еңсе көтерген тұста ана тіліміздің қадірі мен қасиетін арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру маңызды мәселе болып тұр. Қазақ тілі – тәуелсіз жұртымыздың мемлекеттік тілі және ол барлық отандастарымыздың ортақ мақсатқа топтастыратын ұлттық бірліктің басты факторы болып табылады.

Ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады», – деп тілдің ұлт үшін қандай маңызды екенін бір-ақ ауыз сөзге сыйдырған. Әлемде жаулап алушы елдердің озбырлығынан, үстемдігінен қаншама тіл жоғалып кетсе, қаншама тіл жоғалудың аз-ақ алдында тұрғаны мәлім. Сондықтан қазіргі жаһандану дәуірінде аз ұлттар мен ұлыстар өз тілдерін қорғап қалуға барынша күш салуда. Қазақстан Республикасы қазақ тілінің ғана емес, елімізде тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілінің дамуына барынша жағдай жасап отыр. Ұлт көшбасшысының қыркүйек айының 22-ін «Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп жариялау да сол мақсаттан туған. «Үш тұғырлы тіл» жобасы – ел болашағын баянды етуден туған, алысты көздейді.

“Үш тілдің бірлігі» мәдени жобасы – үш тілді қазақстандықтар бірдей меңгеруін меңзегенімен, негізгі мақсаты – мемлекеттік қазақ тілінің халықаралық қолданыстағы орыс, ағылшын тілдерімен терезесін теңестіріп, әлемдік деңгейге көтеріп, жаһан тілдерімен тең қолданылатын биікке жеткізу. Мемлекеттік тілдің қоғамдағы алатын орны ерекше. Мемлекеттік тілдің мәртебесінің өсуіне, іс қағаздарының қазақ тіліне толық көшуіне әрбір қазақстандық үлес қосуы керек. Көркем шығармаларды, поэзия мен драматургияны, сондай-ақ ғылыми әдебиет пен БАҚ материалдарын оқу арқылы қазақ тіліне деген құрмет пен жан-жақты түсінік қалыптасады.

Олай болса, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, ана сүтімен дарыған ана тілімізді құрметтеп, оның дәрежесін биікке көтеру, рухани азығымыз – ана тілімізге жауапкершілікпен  көңіл бөліп, оның өрісін кеңейтуге сіз бен біз болып, атсалысайық. Мемлекеттік тіл өсіп-өркендеп, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміз бен теңдігіміздің қайнар көзі, кемелді келешегіміздің ұйытқысы екенін ұмытпайық. Өзіміз болып атсалыспасақ, өзгенің жаны ашымасы анық. Демек, болашағымыз жарқын, мемлекетіміздің тұғыры биік болуы әрине тек ғана өзімізге байланысты.

Ж.Б. Каримов

БҚО Бәйтерек аудандық соты әкімшісінің басшысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.