Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлықпен күрес заңын нақты және біртектілік қолдауын, мемлекеттік қызметкерлер туралы заңнамалар нормаларын мемлекеттік қызметкерлермен сақталуына сот жүйесінде бақылау күшейтілді. Мемлекеттік қызметшілердің кадрларын таңдау және тағайындау кезінде талап қоюшылық, принципшілдік күшейтілді.
Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайластық көріністеріне жол бермейтін іс-шараларды қамтамасыз ету жұмысы сотта белсенді түрде жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы мемлекеттік қызметшілер және халық арасында түсіндіру, насихат жұмыстары жүргізіліп отырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы сақтау бойынша лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру мақсатында міндетті түрде түрлі шаралар өткізіліп отырады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру барысы жөнiнде кеңiнен және үнемi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандырылуда. Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, болдырмау, алдын алу және өз құзыреті шеңберінде оларды жасаған адамдарды жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы және әскери полиция органдарымен жүзеге асырылады.
Аталмыш органдардың лауазымды адамдары заңнама белгілеген мерзімде іс, материал, хаттама жіберген адамға немесе органға жазбаша сыбайлас-жемқорлық қылмыс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы көрсетіп-білдіру жіберуге, оларды қарағанның нәтижелері туралы хабарлауға тиіс. Заңға сәйкес бұл органдар олардың құзырынан шығатын шаралар қабылдауға және жауапты мемлекеттік лауазымда отырған адамдардың жасаған сыбайлас-жемқорлық қылмысын анықтаған әр оқиға туралы құқық статистикасы және ақпарат органдарына дереу мәліметтер жіберуге міндетті.
Н.К.Агасылова
Ақтөбе гарнизоны әскери соты әкімшісінің
бас маманы-сот отырысының хатшысы
[xfvalue_img]