ЖШС-нен Қазақстан мен БАӘ қалаларында жылжымайтын мүліктен табыс табуды оқыту бойынша қызметтер көрсету туралы келісімшарттан пайда алмауына байланысты әйел адам 3 200 000 теңге өндіріп алды
2023 жылы азаматша «Ж»-мен ЖШС арасында жылжымайтын мүлікті сатудан ақша табу бойынша оқыту қызметін көрсетуге келісім шарт жасалған. Оқыту құны 1 600 000 теңгені құрады.
Келісім жасалғаннан кейін ЖШС-нің ұсынысы бойынша Ж. Дубай қаласынан құны 908 000 АҚШ доллары болатын 1 бөлмелі пәтерді сатып алу үшін БАӘ-дегі құрылыс компаниясына 18 016 дирхам және 40 734 дирхам сомасын аударған. Шарттың 10.5 тармағына сәйкес, егер тапсырыс беруші курста алған барлық теориялық және практикалық білімдерін пайдалана отырып, 12 ай ішінде 1 600 000 теңге сомасында қаржылық нәтижеге қол жеткізбесе, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке инвестиция салудан пайда алмаса, онда мердігер тапсырыс берушіге оқу үшін төлемнің барлық сомасын қайтаруға, сондай-ақ 5 жұмыс күні ішінде қосымша 1 600 000 теңге төлеуге міндеттенеді. Бұл пәтер үшінші тұлғаларға әлі сатылмағандықтан және инвестициядан пайда түспегендіктен, талапкер жауапкерден 3 200 000 теңге өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Сот отырысында тапсырыс берушінің ЖШС мердігері ұсынған инвестициялардан пайда алмағаны анықталғандықтан, Шарттың 10.5-тармағына сәйкес 3 200 000 теңге көлеміндегі өтемақы сомасы талапкердің пайдасына жауапкерден өндіріп алуға жататыны айқындалды.
Осыған байланысты, Орал қаласының №2 соты ЖШС-нен Ж. пайдасына 3 200 000 теңге өндіріп алу туралы шешім шығарды.
Шешім заңды күшіне енді.
Батыс-Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]