«Мемлекеттік тіл мәртебесі - ел мәртебесі»
Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық құқық белгілерінің бірі- мемлекеттік тіл. Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті. Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра.
Еліміз егемендік алғалы ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Тіл сол мемлекеттің иесі болған халықтың мүддесін қорғауы тиіс. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі – қазақ тілі, мемлекеттік тілдің еліміздің барлық аумағында қолданыс үрдісі кеңейді. Мысалы: Мемлекеттік басқару, сот ісін жүргізу, заң шығару, іс қағаздарын жүргізу салаларында кең өріс алып келеді. Қай кезде болмасын тіл мәселесі - сөйлейтін, сол тілден сусындаған, ұлттық, ділдік белгісі болып саналатын халықтың мәселесі.
Азаматтың қолындағы барлық асылзаттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” –деген.
Қазіргі таңда мемлекеттік органдар мен сот отырысында және қоғамның жан-жақты салаларында оңтайлы әлеуметтік лингвистикалық кеңістікке қол жеткізу үшін жаңа қадамдар жасалуда. Еліміздегі әр ұлт, әр азамат, мемлекеттік тілді құрметтеуі тиіс. Мемлекеттік тілде іс жүргізіп, бірінші заң орны, соның ішінде сот жүргізу ісі үлгі болуы қажет. Мемлекеттік тілдің мәртебесі биік болғанда ғана еліміз әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енері анық.
Ч.Г.Каныбеков
Ақтөбе гарнизоны әскери
сотының аға сот приставы
[xfvalue_img]