Мемлекеттік тіл мәртебесі

Мемлекеттік тіл мәртебесі

Кез келген өркениетті  елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады.  Демек, мемлекеттік тіл де мемлекеттігіміздің негізгі атрибуттарының бірі.

Біздің Ата заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі» деп жазылған. Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес  қазынасы ана тілі екендігі ақиқат. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын барған сайын кеңейтіп, оны шын мәніндегі қоғамдық қарым-қатынас  тілі ету бүгінгі күн талабы екендігі баршамызға белгілі. Ендігі мақсат тәуелсіз мемлекетіміздегі қоғам өмірінің барлық саласында қазақ тілін кеңінен қамтамасыз ету.

Мемлекетік тілдің қолдану аясы күнен -күнге кеңейіп, мәртебесі көтеріліп, толыққанды тілге айналуда. Бұл да бір үлкен жетістік деп білемін.

Әр азаматтың  қастерлі міндеті. Қазақ тілінің өз мәртебесіне сай толыққанды қоғамдық қызмет атқаруы аса қанағаттанғысыз екенін жан тәнімізбен түсіне отырып, бүгінде «Тіл туралы» заңның жүзеге асу барысын талқылауда басты назарды мемлекеттік тіл тағдырына аударуымыз қажет. Өйткені қазақ тілі әлемдік мәдениеттің бөлінбес  бір бөлшегі ретінде қазақ топырағында ғана мемлекеттік мәртебені талап ете алады.

Тәуелсіздіктің негізгі тірегі - ұлттың тілі, діні. Тәңірдің адам баласына жасаған сыйы да – тіл. Қазіргі таңда Тергеу  сотында мемлекеттік тілдің қолданылуы аясын кеңейту, оның мәртебесі мен маңызын арттыруға аса көңіл бөлінуде. Шығыс және ішкі құжаттар әлде қашан-ақ мемлекеттік тілде әзірленеді.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсам, тілге деген құрмет халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.

Утегенова Ажар Тасболатқызы

Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының жетекші маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.