Сот отырысы кезінде залдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Сот отырысы кезінде залдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 345 бабы, Азаматтық процестік кодексінің 20 бабына сәйкес, істі сотта талқылау соттың қалыпты жұмысын және сот отырысы залында қатысып отырған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда өтуі тиіс. Сот отырысы кезінде залда қоғамдық тәртіптің сақталуын сот приставы қамтамасыз етеді. Судьялар мен сот отырысы залына қатысып отырған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төрағалық етуші істі талқылау кезінде қатысуға ниет білдірген адамдардың жеке басын куаландыратын құжаттарын тексеруді, жеке басын тексеріп қарауды және олар алып өтетін заттарды тексеріп қарауды қоса алғанда, оларға тексеру жүргізу туралы өкім ете алады. 

Азаматтық іс жүргізудің міндеттері азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін қорғау, қалпына келтіруді жүзеге асыру, қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру болып табылады. Заңдылықты жүзеге асыру барысында сотқа қатысушы барлық тұлғаларға бірдей міндетті ережелер қарастырылған. Сот отырысы тиімді қалыптастырылған, сот отырысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда өткізілуі қажет. 

Сот отырысындағы тәртіпті сақтау Қазақстан Республикасы АПК-нің 187- бабы, 3-тармағына сәйкес, іске қатысатын адамдар, сондай-ақ сот отырысы залында қатысып отырған азаматтар сот отырысы залындағы тәртіпті сақтауға міндетті деп көрсетілген. Сот тәртібін бұзушыларға ескерту, сот отырысы залынан шығарып жіберу шаралары қолданылады. Процесске қатысушы тұлға тарапынан тікелей сот талқылауы барысында сотты құрметтемеу фактісі анықталған кезде, сот кінәлі адамға АПК-нің 120 бабында белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолдануға құқылы. 

Бұл әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 33 тарауымен белгіленген шаралар қолданылады. Ал, қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, бұл адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. АПК-нің 120 бабына сәйкес сот отырысында сотқа құрметтемеушілік фактісі анықталғанда, төрағалық етуші құқық бұзушыға дереу сот отырысында, кеңесу бөлмесіне кетпестен жариялайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыны төрағалық етуші азаматтық іс бойынша сот отырысы аяқталғаннан кейін кеңесу бөлмесінде дайындайды. 

Егер сот отырысында тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, сот бұл туралы қаулы шығарады және ол өзіне қатысты қаулы шығарылған адамға үш жұмыс күні ішінде жіберіледі. Құқық бұзушы тұлға қаулыны алған күннен бастап он күн ішінде қаулыға шағым келтіруге құқылы. 

Ж.А.Айтмагамбетов  

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының

сот приставы                                                           

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.