Мемлекеттік тілге қатысты семинар
Ақжайық аудандық сотында мемлекеттік тілге қатысты семинар өтті
Сот әкімшісінің басшысы А. Нұрым күн тәртібіндегі шара тақырыбын жариялап, Мемлекеттік тіл Қазақстан Республикасы халқының ана тілі, рухани байлығы, оны дамыту, қолдану аясын кеңейту әрбір мемлекеттік мекеме болсын, жеке адам болсын ұлттық болмысын айқындайтын қасиетті мұра деп санап, жұмыс барысында басымдық танытып, мелекеттік тілге құрмет көрсету қажеттігін атап өтті. Тілді жоғары мәртебе дәрежесінде қолдану, оны дамыту ел саясатының бірі сондықтан, іс жүргізуде тілді таңдау тәртібін заң талаптарына сай айқындап, іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмейтін немесе жеткілікті түрде білмейтін іске қатысатын адамдарға ана тілінде немесе өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктемелер және айғақтар беру, өтінішхаттар мәлімдеу, шағымдар беру, сот актілеріне дау айту, іс материалдарымен танысу, сотта сөз сөйлеу толық қамтамасыз етілуі тиіс екені айтып жеткізілді. Сонымен қатар, сотпен тілге қатысты заң бұзушылықтар анықталған жағдайда жеке ұйғарым, жекеше қаулы қабылданатыныда ескертілді.
Қатысушылар сұрақтарға жауап алып, күн тәртібіндегі мәселені қорыта келе, мемлекеттік тілге қатысты талаптар орындауға алынды.
Ақмарал Нұрым
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық аудандық соты әкімшісінің басшысы
[xfvalue_img]