Мемлекеттік тілді білу басты парызымыз
«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді»
Ғабит Мүсірепов
Тіл – халықтың жан-дүниесі, рухани негізі мен ел еркіндігін, ұлттың ұлылығын танытатын басты күш. Ұлт болмысын ұғындырып, жалпы жұртты төңірегіне топтастырушы, біріктіруші ретінде де саналады. Тіл тек қана қатынас құралы емес, ұлттың бар сипатын анықтайтын оның негізгі кілті. Себебі, тіл білгеннің тамырында ұлттық, халықтық, елдік, мемлекетшілдіктің қаны мен қасиеті болады. Ұлттық болмысты ұғатын рух, қоғамдық бағытты аңғаратын, ерекшелігін түсінетін, елжандылық асқақ сезімі басым жандар ғана көсегімізді көтертеді. Тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өзінің азаматтық міндетін атқарғанда ғана ол нәтижелі болатынына күн сайын көз жеткізіліп келеді. Халықтың қаны мен жаны саналатын қазақ тілінің абыройы мен беделі қазақстандықтардың міндеті, адами борышы болуы тиіс. Еркіндік пен теңдік берілгендіктен, өзге қанша тіл біліп үйренсең де, қазақ тіліне деген басымдықты естен шығармауымыз керек. Бірде – бір түркі тілдес халықта он томдық түсіндірме сөздік жоқ. Мұндай құнды дүние тек қазақта ғана бар, осы ұлтқа ғана тән рухани байлық.
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» дегенді мемлекеттік қызметкерлерге міндеттегенде ғана оның өміршеңдігіне қол жетеді.
С.Танатарова
Жаңақала аудандық сот әкімшісінің бас маманы
[xfvalue_img]