Мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен имиджі
Кадрлық саясат адамдардың әлеуметтік және адамгершілік мүдделерімен үйлескенде ғана мемлекеттік билік күшті де тиімді болады. Мемлекет бейнесі оның өкілдеріне – мемлекеттік қызметшілерге – жүктелген, қазіргі жағдайда оларға қойылған талаптар күшейіп отыр. Мемлекеттік қызметшіге кәсіпқой болу аз. Сондай-ақ, ол әлеуметтік қауымның көпшілігіне тартымды да жағымды тұлға бейнесіне ие болу керек. Өйткені, мемлекеттік қызметшілер имиджі ол билік мекемелерінде істейтін, бейнесі тура және жанама топтастыру факторларының әсерінен қалыптасатын лауазымды адамдардың топтамасы. Имидж мемлекеттік қызметшінің тұтас топтама бейнесі ретінде қиын да қарама-қайшы құбылыс. Бір жағынан, ол жеке тұлғаны көрсетеді, екіншіден толық билік имиджін құраса, үшіншіден халықтың әлеуметтік үміттерін және бағалы бағдарларын өзінде алып жүреді. Мемлекеттік қызметшілердің имиджін қалыптастыру, негізінде, екі жолмен жүреді: өздігінен және мақсатты түрде.
Мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік этикасы әлеуметтік мемлекеттегі қоғамдық қарым-қатынастардың саяси деңгейінің бір көрсеткіші болып таблады, ол мемлекеттік қызметшілердің басқару кәсіптілігі тек лауазымдық міндеттерін орындауымен ғана шектелмей, халықпен қарым-қатынастағы этикасының бір түрі ретінде көрсетуіне де байланыс.Сондықтан да, мемлекеттік қызметшілердің басқару қызметінің кәсіптік деңгейі, олардың этикет үрдістерін және оның ережелерін сақтау деңгейінің қаншалықты биік болғанына сай болады.
Н.К.Агасылова
Ақтөбе гарнизоны әскери сотының
бас маман-сот мәжілісінің хатшысы
[xfvalue_img]