Сотта мемлекеттік тілдің қолданылуы
Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы- ана тілі. Мемлекеттік тілді құрметтеу яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу- біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау- өз халқымыздың өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз. Мемлекеттік тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы.
Қазақстан Республиканың Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында» Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз» Сондықтан, оған бей-жай қарай алмаймыз, қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз»- деген болатын. Ата заң аясында бақ-берекетіміздің сақталып отырғаны тіл саясатын дұрыс жүргізудің жемісі екені анық.
Сырым аудандық сотында барлық кіріс, шығыс құжаттары мен мемлекеттік мекемелермен хат алмасу мемлекеттік тілде жүзеге асырылып отыр. Сонымен қатар, төрағамен өтетін жиналыстар, дөңгелек үстелдер, семинар сабақтары мемлекеттік тілде жүргізіліп отырылады.
Осындай мемлекеттік маңызды мәселені жүзеге асыру үшін арнайы қабылданған бағдарлама мен іс–шараларды тұрақты түрде жеткізу, күнделікті жұмыс барысында мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру- бәрімізге ортақ міндет.
Қорыта айтарым, мемлекеттік тіл-ұлт рухының туы, түбі қоғам осынау қасиетті байрақтың түбіне топтасуы тиіс. Ол үшін тынымсыз үлес қосу керек. Себебі, тіл де, дәстүр де мұражайдағы бұйым емес, қолданған сайын қоры молайып, жаңа қыры ашылып, жарқырай түсер асыл қазына.
Г.К.Нұрабалиева
Сырым аудандық сотының бас маманы
[xfvalue_img]
1 пікір