Ұлттың  рухы-тілінде

Ұлттың рухы-тілінде

 

 Әр халықтың басты  байлығы, баға  жетпес қазынасы- ана  тілі. Мемлекеттік  тілді  құрметтеу яғни  қазақ тілін  құрметтеу, оны  білу- біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана  тіліне  салғырт қарау- өз халқымыздың өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз. Мемлекеттік  тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше  қатынас құралы.

          Қазақстан Республиканың Президентінің «Қазақстан-2050»  стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»  атты Жолдауында» Тілге деген  көзқарас, шындап келгенде елге  деген  көзқарас екені даусыз» . Сондықтан, оған  бей-жай  қарай алмаймыз, қазақ тілі  жаппай  қолданыс тіліне  айналып, шын  мәнінде мемлекеттік  тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді  Қазақ мемлекеті  деп атайтын боламыз»- деген  болатын. Ата  заң  аясында  бақ-берекетіміздің сақталып  отырғаны тіл саясатын  дұрыс жүргізудің  жемісі екені  анық.

 Сырым аудандық сотында 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында   10 қылмыстық іс,  130 әкімшілік істер түсіп  барлығы да мемлекеттік тілде қаралды,  85 азаматтық істің 68 мемлекеттік тілде қаралды. Сотта ресми орыс тілінде арыздардың қаралуына көп жағдайда адвокаттардың, кейбір банк өкілдерінің талап қоюшыларға талап арызды өздеріне ыңғайлы тілде жазып беруі және сот орындаушылардың кейбір атқарушылық іс құжаттарын орыс тілінде жолдаулары себеп болып келеді.

Сотта  барлық кіріс, шығыс құжаттары мен мемлекеттік мекемелермен хат алмасу мемлекеттік тілде жүзеге асырылып отыр. Сонымен  қатар,  төрағамен өтетін  жиналыстар, дөңгелек үстелдер, семинар  сабақтары  мемлекеттік  тілде  жүргізіледі.

Осындай  мемлекеттік маңызды мәселені жүзеге асыру  үшін арнайы қабылданған бағдарлама мен іс–шараларды тұрақты  түрде  жеткізу, күнделікті  жұмыс барысында мемлекеттік тіл  мәртебесін  көтеру- бәрімізге ортақ міндет.

Қорыта айтарым, мемлекеттік тіл-ұлт рухының туы, түбі қоғам осынау қасиетті байрақтың түбіне топтасуы тиіс. Ол үшін тынымсыз үлес қосу керек. Себебі, тіл де, дәстүр де мұражайдағы бұйым емес, қолданған сайын қоры молайып, жаңа қыры ашылып, жарқырай түсер асыл қазына.

 

Г.К.Нұрабалиева

Сырым аудандық сотының бас маманы   

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.