Медициналық куәландірудің талаптарын орындау бойынша кездесу
Ақжайық аудандық сотының төрағасы А.М.Нургалиевпен «Психикалық белсенді зат пайдалану және мас болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландіруден өткізу» тақырыбында Ақжайық аудандық аурухана медициналық қызметкерлерімен, Батыс Қазақстан облыстық Полиция Департаментінің Патрульдік полиция батальонының және Ақжайық аудандық полиция бөлімінің инспекторларының қатысуларымен кездесу өткізді.
Өз сөзінде төраға А.М.Нургалиев, сот тәжірибесінде орын алған, алкогольдік және есірткілік масаң күйде жасалған құқық бұзушылықтар туралы айтты, көлік қатынасы саласындағы алкогольдік масаң күйде жасалған құқық бұзушылықтарды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде туындайтын мәселелерді, сонымен қатар 2023 жылы медициналық куәландыру жүргізетін қызметкерге қатысты белгіленген ережелерді бұзған үшін жеке қаулы шығарылғанын атап өтті.
Кездесу барысында инспекторлар мен аурухана қызметкерлері куәландырудан өткізу барысы туралы пікір алмасты, орын алған жағдайларды және есірткілік масаю күйін анықтаудың проблемалық мәселесін талқылады.
Сот төрағасы өз сөзін қорытындылай келе, жиналысқа қатысушыларды құқық бұзушыларды анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға жауапкершілікпен қарауды тапсырды.
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық аудандық соты әкімшісінің басшысы Ақмарал Нұрым
[xfvalue_img]