Алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды
Тасқала аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 608-б. 1-б. (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) азамат С.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.
Сотпен анықталғандай, құқық бұзушы С. 2024 жылдың ақпан айының 2 күні сағат 16-20 шамасында «ВАЗ 21310» маркалы автокөлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған, ол медициналық куәландырудің қортындысымен дәлелденеді.
Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толығымен мойындады. Сот қаулысымен құқық бұзушы С. ӘҚБтК-нің 608-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танылып, 15 тәулік әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
[xfvalue_img]