Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
Мемлекетіміздің болашақ дамуына, елдің өркендеуіне кедергі келтіретін теріс құбылыс ол сыбайлас жемқорлық екені баршамызға аян.
Сыбайлас жемқорлықтың қазіргі кездегі етек алу көлемі өте үлкен. Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп, өркендеп, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.
Қоғам мүлкіне, мемлекет байлығына көзқарас өзгеріп, адам психологиясының бұзылып, жекеменшіктің бөлінуі, «өзгені қойып, өзімде болсын» деген тоғышарлыққа бой алдырудың соңы қылмыс жасауға апарып соқтыруда. Әсіресе осындай көңіл-күйдің жетегіне әскери қызметшілердің де ілігуі орын алуда.
Әскери қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа байланысты жиі жасалатын қылмыстар:
- мемлекеттік мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету;
- қызмет бабын пайдаланып алаяқтық жасау;
- пайдакүнемдік ниетпен билігін және қызметтік өкілеттігін асыра қолдануы.
Сыбайлас жемқорлық деп лауазымды тұлғалардың, шенеуніктердің, саяси қайраткерлердің, пара үшін сатылуы, сондай-ақ қызмет бабын асыра пайдалануы. Басты сыбайлас жемқорлық қылмыстары параға сатып алу және пара алу болып табылады.
Осыған байланысты мемлекетіміздің Қарулы Күштерінде әскери қызметшілердің құқықтық білімдерін жоғарылату жолында Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының қосатын үлесіде аз емес.
Өткізілетін іс шаралардың мақсаты – әскери қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту және болдырмау негізінде қамтылған.
Қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, мемлекетімізге адал қызмет етуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Мұндай заңбұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға да тартылады. Оларға біздің қоғамда да, арамызда да орын жоқ екенін түсінгені абзал.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот әкімшісінің басшысы Н. Ж. Жунисова
[xfvalue_img]