« Сот кабинеті » сервисіндегі жаңашылдықтар

« Сот кабинеті » сервисіндегі жаңашылдықтар

         Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының сот жүйесінде "Төрелік"ақпараттық жүйесі қолданылысқа ие. Бұл жүйені қолданудың негізгі мақсаты,ол соттар алдында тұрған барлық функционалдық мақсаттарға қол жеткізумен тығыз байланысты .Бағдарламада Электрондық азаматтық істерге көшу және электрондық сот залын құру секілді іс- шаралар жүзеге асты. Ақпараттық жүйені қолдану келесі мақсаттарды,судья мен сот қызметкерлерінің жұмыс орнын автаматтандыру; сот отырыстарын дыбыс- бейнежазба жүргізу; электрондық базалар мен құқықтық ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасу, соттардың жұмысы туралы ақпараттарға азаматтардың қолжетілімділігін арттыру, сот қарауындағы істер туралы ақпаратты және сот шешімдерін интернет-сайтта жариялау сияқты мақсаттарды көздейді.

     Сот жүйесін цифрландыру бағытындағы реформаларының мәні тәуелсіз сот төрелігіне сенім арттыру мен сот жүйесінің тек қана азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, заңдылықты қатан сақтауға және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған.    

     Сот төрелігі бүгінде мүмкіндігінше ашық, жария түрде жүзеге асырылуда. Бұл бағытта жасалынып отырған үлкен қадам,ол ссот отырыстарын дыбыс-бейнежазба құрылғыларын қолдану арқылы жүргізу.Халықпен жұмыс жасаудағы перспективасы зор ақпараттық сервис, ол -"Сот кабинет" сервисі.

     « Сот кабинеті» арқылы сотқа электронды түрде талап-арыз, шағым, өтініш беруге,мемлекеттік баж салығын онлайн режімде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжаттарды осы сервис арқылы сотқа ұсынып, істің қозғалысын қадағалап отыруға болады.Бұл қызмет аясында жаңа заман талабына сай дыбыс - бейнежазбаны енгізіп, сот отырысының электронды хаттамасы қалыптастырылады. Жасалған хаттаманы сот отырысының қатысушылары ғаламтор арқылы" Сот-кабинетінен" көруіне болады.Пайдаланушының қалаған уақытында сот құжаттарын қарауға, іс бойынша сот актілерін басып шығарып алуына мүмкіндігі бар.

     Сонымен қатар сот процесіне қатысушыларды жедел хабардар етуден басқа бұл сервис пошталық хабарламаларды бас тартуға мүмкіндік беретінін атап айтқан жөн. Бұл пошталық шығындарға бөлінетін бюджет қаражатын айтарлықтай қысқартады. Азаматтар мен ұйымдарды сот қарауына шақыру туралы SMS –хабарлау және шақыру, сондай-ақ қабылданған сот құжаттары туралы азаматтарға жедел ақпарат беру сервисіде іске қосылған. АБФ шеңберінде соттарды бейнеконференция -байланыс жүйелерімен жабдықтау жолымен сот төрелігін қашықтықтан жүзеге асыру мүмкіндігі де іске қосылды.Тапсырыс бойынша гибридті жөнелтілімдер технологиясын қолдану кезінде жергілікті соттардан жолдауға арналған ақпарат (сотқа шақыру қағазы пошта байланысы бөлімшесіне электрондық түрде жолданады. « Казпочта » АҚ жағында қағазға басылып, пошталық конвертке буып-түйіліп, соңғы адресатқа жеткізіледі. Бұл ретте жеткізілу немесе жеткізілудің мүмкін еместігі туралы статустар « Төрелік »ақпараттық жүйесінде көрсетіледі.

    Сот жүйесінде заманауи технологияларды, оның ішінде жоғарыда айтылған функцияларды пайдалану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, төрешілдік кедергілерді қысқартады, сот органы қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады. Бұл сыбайлас жемқорлықтың қысқаруына септігін тигізеді халықтың уақыты мен қаражатын үнемдейді,еліміздің халқы үшін сот жүйесінің максималды ашықтығы мен қолжетімділігіне жетуге мүмкіндік береді.   

     Мәселен,« Виртуалды сот» пилоттық жобасы іске қосылды.Аталған жоба аясында тараптар смартфондарына орнатылған «TrueConf» қосымшасы арқылы сот процесіне бейнебайланыс арқылы онлайн режимде тікелей қосыла алады.

     Ал сот процстерін өткізу сот төрелігін жүзеге асырудағы аумақтық кедергілерді жойып, уақыт және материалдық ресурстарды үнемдеп, сот төрелігіне қол жеткізді қамтамасыз етуде. Яғни қазір халқымызға сот процесіне қатысу үшін сот залына келудің қажеті жоқ.Цифрландыру бағдарламасы арқылы сот процесіне әлемнің түкпірінен онлайн қосылуға болады. Қазір дамыған технологияның бұл игілін көптеген сот залдары көріп отыр.

      Тағы бір жаңашылдықтардың бірі «Сот кабинеті »сервисінде QR-кодтарының жаңа технологиясы енгізіледі.Халыққа ыңғайлы болуы үшін және бірыңғай стандартқа көшу мақсатында «Сот кабинеті» сервисінде авторизациялаудан өту және ұсынылған құжаттармен қол қою тетігі өзгертілді.

      Енді авторизациядан өту және құжаттарға қол Egov mobile мобильді қосымшасының Face ID және Touch ID (QR-кодты сканерлеу) мүмкін болады. Енгізілген жаңашылдық сервиспен жұмысты айтарлықтай дәрежеде жеңілдетті.

 Артықшылықтары;

 Gov mobile арқылы ЭЦК алу;Компьютерде ЭЦК қажеттілігінің болмауы (тұрақсыз NCALayer арқылы қол қою маселесі шешілуде);

Мобильді гаджеттердің косымша параметрлерінің қажеті жоқ;

Мобильді гаджет арқылы авторизациядан өту және құжаттарға қол қою. Сот жүйесінде қазіргі заманғы технологияларды енгізу және қолдану соті ісін жүргізуді жеңілдетеді,бюрократиялық кедергілерді жояды деп есептеймін.

А.Искакова 

Жаңақала аудандық сот әкімшісі басшысы:                               

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.