Тіл – халқымыздың болашағы

Тіл – халқымыздың болашағы

Қазіргі заманда мемлекеттік тілді білуге, қастерлеуге деген талап күнде жоғарылып келеді. Мемлекеттік тілде сот судьялары мен қызметкерлері тілдерді дамыту басқармасында жүйелі түрде оқып, әрі қарайда қызметте тілдің дамуы жолында білімдерін жетілдіруде. Мемлекеттік қызметкерлер ана тілінде сөйлеп, ана тілінде сауатты жаза білуге,  өзге ұлт-өкілдеріне үлгі-өнеге көрсетулері тиісті.

Мемлекеттік тіл-қазақ ана тілі. Қазақ  тілі – халқымыздың болашағы, рухани өміріміздің бір бөлігі.

Тіл тағдыры - ұлт тағдыры, отан сүйгіштіктің, ұлттық намыстың мәселесі.

Ата Заң – Конституция мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге кепілдік береді. «Тіл туралы» заңның 4-бабында: «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі», – деп атап көрсетілген.

Мемлекеттік тілдің мәртибесін көрсетуде мемлекеттік қызметшілерге  жүктеліп отырған зор. Соттардың іс жүргізуді мемлекеттік тілде көшіруге «Қазақстан Республикадағы тіл туралы» ҚР заңының талаптарын орындауға бағытталған жұмыстары нақты нәтижесін беріп отыр.

ҚР Жоғарғы Сотының жоспарына сәйкес аудандық және оған теңестірілген соттарда мемлекеттік тілді дамыту мәселесі туралы және Мемлекеттік тіл мәселесі қатаң бақылауына алынып,  алдағы уақытта құжаттардың мемлекеттік тілдегі үлесін 100 пайызға жеткізу жоспарланып жатыр.

Осыған байланысты, Батыс Қазақстан облысының мамандырылған ауданаралық экономикалық сотымен мемлекеттік тілің қолдану мен дамытудың арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде жоспары бойынша іс-шаралар жасалып жатыр. Қазіргі кезде соттың шығыс құжаттары, ілеспе хаттар, ішкі қызмет құжаттары, барлық жұмыс жоспарлары, ұйымдастырылатын іс-шаралар мемлекеттік тілде жүзеге асырылуда.

Соттар арасында өзара және басқа да мемлекеттік мекемелермен хат-хабар алмасу қазақ тілінде жүргізілетінін Жоғарғы және облыстық сот басшылығының қатаң бақылауға алынып, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының 4 бабына сәйкес,  кіріс, шығыс және ішкі құжаттар мемлекеттік тілде тіркеленеді. Судьялар мен мамандардың мақалалары мемлекеттік тілде бұқаралық ақпарат құралдарына жолданады, соттар арасында өзара және басқа да мемлекеттік мекемелермен хат-хабар алмасу қазақ тілінде жүргізіледі. Соттардың барлық жиын жедел жиналыстары, семинарлық сабақтары, анықтамалары және ақпараттар қазақ тілінде  өткізіліп, барлық құжаттар мемлекеттік тілде  дайындалады.

«Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісің жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі» делінген, яғни бұл құқықтық норма.   

Бүгінгі таңда, құжаттар «Төрелік» бағдарламасына толығымен қазақ тілінде енгізілуде. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы мен Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасында белгіленген бағыт пен мақсатқа және оларды іске асыру тетіктеріне негізделген бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылып келеді.

Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту, тілдің қолданылу аясын арттыруға күш салу. Себебі біздің мақсатымыз – Мәңгілік ел болу. Бұл ұлттық ұлы идея елді бір мақсат, бір мүдде, бір болашаққа біріктіріп, жаңа асуларға бастайды. Ендеше, осы мақсатқа жұмылдырылған мемлекетіміздің өркендеу жолында мемлекеттік тілдің алатын орны ерекше.

Б.Ж.Калакова

БҚО кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.