Мемлекеттік тілдің маңызы

Мемлекеттік тілдің маңызы

Қай мемлекет болмасын, оның ең әуелі ұлықтайтын тілі – мемлекеттік тілі. Тіл – әлемдік қоғамдастықтағы мемлекеттердің басты белгілерінің бірі әрі ұлт руханиятының алтын қазығы. Сондықтан, мемлекеттік тілдің дамуын жан-жақты қолдау баршамыздың абыройлы міндетіміз деп түсінген абзал..

Қазіргі таңда әрбір мемлекеттік орган тарапынан халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ең алдымен мемлекеттік тілде жүзеге асыру міндет болып табылады. Еліміздің сот жүйесі Тәуел­сіздік жылдарынан бері терең реформаларды басынан өткерді. Бүгінгі күнде Жоғарғы сот төр­ағасы Жақып Асановтың басшы­лығымен сот төрелігі заман талабына сай жүргізіліп келеді. Елбасы алға қойған міндеттерді орындаумен қатар, елімізде сот жүйесінің өзіндік заңдық базасы қалыптасты. Жоғарғы сот төрағасының бастамасы аясында сот жүйесі одан әрі рефор­ма­­ланып, сот билігіне деген жауап­­кершілік те арта түсті, жаңа­шыл реформалар жүзеге асырылуда. Әділ сот жүйесінің жұмысы әлемдік стандарттарға сәй­кестендіріліп, соттың тәуел­сіздігін кепілдендіретін құқық­тық тетіктер енгізіліп жатыр. Елі­мізде соттан ашық, сот­тан жария бірде-бір мекеме жоқ десем, қателеспеймін. Халық­тың сот­қа деген көзқарасы жақ­сар­ды. За­манмен бірге заң­ның өзгергенін халық біліп те, көріп те жүр. Жоғарғы сот тара­­пынан судьялыққа үміт­кер­­лер­ді іріктеу кезінде қазақ тілін меңгерген, іс қарай біле­тін тұл­ғаларға ба­сым­дық бере­тін­дігі, соңғы кезде судья ретінде таға­йын­далған, сот төраға­лығына ұсы­нылған тұлға­лар ара­сында мем­лекеттік тілді мең­герген тұл­ғалар санының өсіп келе жатқан­дығы қуантады.

Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің дамуына тоқталатын болсақ, сот билігі – мемлекеттік биліктің бір тармағы болғандықтан мемлекеттік тілдің дамытуға мүдделі. Қазіргі таңда, тілді қолданудың аясы кеңіп келеді. Ана тіліміздің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші. Осыны ескерсек, іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда, іс қағаздары – басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Яғни, ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдері, басқару істері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді.

Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Сондықтан мемлекеттік тілді үйретуге арналған арнайы тегін курстар мен тіл үйрету орталықтары жұмыс істеуде. Қазақ тілін дамыту еліміздің стратегиялық бағыты болып табылады. Қазақстан Республикасының тіл туралы саясатын жүзеге асыру мақсатында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда. Яғни елімізде тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді.

Жалпы, мемлекеттік тілдің дамуы­на бірінші кезекте мем­лекет­тік қызметшілердің тигі­зер көмегі мен ықпалы зор. Өйт­кені, мемлекеттік саясатты іс жүзіне асыратын негізгі буын осы болғандықтан, қара­па­­йым халық, әсіресе жастар ше­неу­ніктерге қарайды, солар­дың кәсіби біліктілігіне қа­рап, би­лік­ті бағалайды, өз бола­ша­ғы­на қатысты бағыт-бағ­дарын, жос­парларын түзеді. Сон­дық­тан мем­лекеттік қызмет­шілер мем­­лекеттік тілде жетік сөйлеп, қыз­мет көрсетсе, қоғамда да мем­лекеттік тілге деген құрмет пен қажеттілік арта бермек.

«Қазақстан Республикасын­дағы Тіл туралы» Заңның 13-бабына сәйкес Қазақстан Рес­пуб­ликасында сот iсi мемлекетт­iк тiлде жүргiзiледі, ал қажет бол­ғ­ан жағдайда, сот iсiн жүр­гiзуде орыс тiлi немесе басқа тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қол­данылады. Десек те, әлі де болса соттарда іс жүргізу көбінесе орыс тілінде өтетіні рас. Оның себебі АІЖК-нің 14-бабына сәйкес сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз берілген тілге қарай сот ұйғарымымен белгіленеді.

Егерде әр Қазақстан Республикасының азаматы өзінің ана тіліне деген сүйіспеншілігін оятып, мемлекеттік тілдің одан әрі дамуына аса жауаптылықпен қарап, күш-жігерін салса, өзара мемлекеттік тілде сөйлесіп, басқа ұлт өкілдеріне үйретіп, мемлекеттік тілді насихаттайтын мақалалар көптеп жазылса, мемлекеттік тілдің келешегі нұрлана түсері анық.

Тіл тағдыры – ұлт тағ­дыры, отансүйгіштіктің, ұлт­тық намыстың мәселесі.

Сөз басында мемлекеттік тіл­дің дамуына мемлекеттік қыз­мет­шілердің ықпалы мен қосар үлесі зор деуіміздің мәнісі де осында жатыр. Сондықтан сотта істерді қарау барысында да мемлекет­тік тілдің қолданысына қыра­ғы болу қажет. Соның ішін­де мем­лекеттік қызметкерлер ана тілінде сөйлеп, ана тілінде сауат­ты жаза білуге, сөйтіп өз­ге ұлт өкілдеріне үлгі-өнеге көр­сетулері тиісті.

Н.К.Мажитова

БҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

соты әкімшісінің бас маманы – сот мәжілісінің хатшысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.