Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғам дерті

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғам дерті

Біздің заманауи дамыған қоғамда тұратынымызға қарамастан, отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі.

Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған.

Сотқа келіп түсетін азаматтық істердің басым көпшілігі отбасы-тұрмыстық қатынас саласындағы неке бұзу істері екендігі осыған дейін де жиі айтылып келеді. Арызданушылардың көбісі отбасында жәбір көріп, әбден шаршағандықтан, сот табалдырығын аттауға мәжбүр.

Олардың сотта айтатындары:

-Күйеуім тапқан ақшасына жиі ішімдік ішеді, ішсе үйде маза бермейді. Қол көтереді. Отбасын, балаларын материалдық жағынан қамтамасыз етпейді. Қазір үйден кетуге мәжбүр болдым. Себебі, балаларымның алды есейіп қалды, үйде айқай-шу шыққанда әкесінен қорқады. Одан алимент те талап етпеймін, тек бізге тыныштық берсе екен дейді.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы №214-IV Заңына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық дегеніміз - отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабын және (немесе) психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі).

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында жасалған құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қатаңдатуды тапсырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен келесі сипаттарға өзгерістер енгізілді:

1) Тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеуді арыз беру сипатынан анықтау сипатына көшу.

ӘҚБтК-нің 64-бабындағы түзетулер жәбірленушілердің өтінішінсіз (яғни тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға мүмкіндік береді. Түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

2) Тараптардың қайта татуласу мүмкіндігін болдырмау. Енді сотта тек бір рет татуласуға болады;

3) ӘҚБтК-нің шеңберінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін (73-бап, 73-1-бап, 73-2-бап, 461-бап, 669-баптың 2-бөлігі, 669-баптың 3-бөлігі) әкімшілік қамауға алу мерзімдері айқындалды. (бұл баптардың бәрінен «дейін» деген шектеуді алып тасталды - 10, 15, 20 тәулікке қамауға алу қалдырылды), сондай-ақ қайталанған құқық бұзушылықтар бойынша 25 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу мерзімі ұзартылды.

Бұл өзгерістер 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.

Осыған орай,  соттарға аталған істерді қарау бойынша түзетулердің қолданысқа енгізілуіне байланысты жүктеменің болжамды ұлғаюын ескере отырып, ұйымдастыру іс-шараларын қабылдау жөнінде тапсырмалар берілді.

Ия, тұрмыстық зорлық-зомбылық қоғамымыздың дертіне айналып келеді десек артық айтқандық болмас.

Күйеуінен зорлық-зомбылық көрген әйелдер көбіне жұрттан, туыстарынан, достарынан ұялып, ол жайтты жасырып қалып жатады. Одан бөлек, шағым түсіруге күйеуі қысымды одан әрі күшейтеді деп қорқады. Көп мәселелер отбасының айналасында қала береді.

Ал сотқа келіп түскен әкімшілік істерге тоқтайтын болсақ, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер.  

Жағдайдың осылай болғанымен, бұл проблема әлі де өзектілігін жоғалтып отырған жоқ. Тұрмыстық зорлық-зомбылық сол күйінде маңызды әлеуметтік проблема болып қалып отыр. Көптеген құқық бұзушылар жазасыз қалуда, ал зорлық-зомбылық фактілері айтылмаған күйінде тіркелмей қалады. Отбасындағы зорлық-зомбылық көбіне әйел адамдарға қатысты жасалады. Қаншама әйел жанды азаматтар үйлерінде тұрмыс қиыншылығын бастан өткеріп қана қоймай, балалары үшін, отбасы үшін, шағым келтірмей зорлық-зомбылық көріп жәбір көруде. Құқық бұзушыларды қанша сот алдынан өткізіп, жазалап жатқанымызбен, жағдай түбегейлі түзелер емес. Зорлық-зомбылық нәтижесінде құқық бұзушының қолынан елімізде қаза болғандар қаншама.

Сол себепті бүгін отбасындағы зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алудың мүлдем жаңа жолдарын іздестіру маңызды. Осындай әрекеттердің алдын алуда әлеуметтік-құқықтық шараларға басымдық беру керек. 

Жаңақала аудандық соты әкімшісінің басшысы А.Искакова

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.