«Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу»
Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын.
Әрбір қоғам дамуының күнегей жағымен қатар көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуатын жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту - әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» Заңының басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу болып табылады.
Экономикалық және қоғамдық негіздерін жаңғырту, түбегейлі өзгертулер тұсында сыбайлас жемқорлық қашан да қоғамға қауіп төндіретіндей дәрежеге көтеріледі. Мұндай кезеңдерде жемқорлықтың шабуылын жеңілдететін мәселелер – эканомиканың құлдырауы, азаматтық қоғамның билікке тәуелділігі, мемлекет институтының тиімсіздігі, заңнамалардың пәрменсіздігі тереңдей түседі. Сөйтіп, сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабуға кірісу алдында оны туғызатын әлеуметтік – экономикалық жағдайларды барынша азайту қажет. Жемқорлыққа қарсы әрекет етудің оның көріністерімен курес жүргізумен аяқталмайтынын ұғыну аса маңызды. Мұндай күрес қашан да қоғам мен мемлекет өмірінің барлық жақтарын реттеп отырумен тығыз байланысты. Осыдан келіп, жемқорлардың өз күштері арқылы жемқорлықпен күрес жүргізуі барып тұрған мағынасыздық деген келесі қорытынды туындайды.
Бұл бағытта күресті қолайлы саяси орта түзеуден бастау тиімді болмақ, ал ол қоғам оппозицияның, нақты сөз бостандығы мен биліктің кіршіксіз болуын көздейді. Мұнда ескертетін тағы бір маңызды жай: мемлекет пен кейбір шенеуніктердің атқаратын қызметін заң жүзінде нақты айқындау, қабылданатын шешімдер кейбір адамдардың еркіне тәуелді болатын салаларды азайту. Басқаша айтқанда, заңнамалардың анықтығы, қарапайымдығы мен тұрақтылығы қажет, азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін жағдайлар туғызу, халықтың білім деңгейін, оның ішінде құқықтық сауаттылығын арттыру керек.
Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары әлеуметтік тұрғыдан пайда болғандықтан, оны болдырмау мен алдын алуды барлық мемлекеттік мекемелер қамтамасыз ету қажет.
Жаңақала аудандық
сот әкімшісінің бас маманы С.Ж.Танатарова
[xfvalue_img]