Сот жүйесінде мемлекеттік тілді дамыту біздің міндетіміз!

Сот жүйесінде мемлекеттік тілді дамыту біздің міндетіміз!

Еліміздің Тәуелсіздік алуымен бірге қазақ тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақ тіліміз дамып, оның қоғамдық маңызы арта түсті. Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» заңының 4-бабында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі» делінген.

Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздар мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Себебі өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек.

Халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар, сот жүйесінде іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу мәселесіне терең көңіл бөлінуде. Ресми құжаттар негізінен мемлекеттік тілде жазылады, ал орыс тілінде жазылған құжаттың аударма нұсқасы болуы бұлжымас талап.

Қазір іс қағаздарын жүргізу номенклатурасына сәйкес жүргізілетін кітаптар, есептік карточкалар, сот тәжірибесінің талдаулары, жедел кеңес және семинар сабақ хаттамалары, жоғары сатыдағы соттармен және басқа да мемлекеттік мекемелермен хат алмасу тек мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Яғни, сот саласындағы 2023 жылы кеңседегі - 11 001 шығыс құжат айналымының - 10 945 немесе 99,4%-ы мемлекеттік тілде. Ішкі құжат айналымындағы - 641 құжаттың 639 немесе 99,4%-ы мемлекеттік тілде дайындағанын ауыз толтырып айтуға болады.

Алайда сотта қаралған - 55 187 істің 18 986 немесе 35%-ы ғана мемлекеттік тілде қаралуы көңіл көншітпейді. Бұған себеп сотқа түскен істердің 65%-ы орыс тілінде рәсімделгені болып отыр. Орыс тілінде іс жүргізіп, сотқа жіберген  ҚРӘҚБтК-нің  610-бабымен түскен көлік құралдарын жүргізушілердің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарына немесе өзгеде мүліктің бүлінуіне алып келген бұзушылықтарға қатысты.

Сол себептен, аталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотқа дейін іс жүргізуге жауапты мемлекеттік орган басшыларының қатысуымен  сот тарапынан  тұрақты түрде «Мемлекеттік тілдегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер санын арттыру» тақырыбындағы дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып  тұрады.

Жоғарыда атап өткен мән-жайларға сүйенетін болсақ, әрбір сотқа жүгінуші азамат, сотта қаралатын мемлекеттік тілдегі істердің көрсеткішіне өз үлесін қоса алады.

Сот өзінің қызметінің ашықтығын қамтамасыз ете отырып, Қазақстан азаматтарының объективті ақпарат алудағы конституциялық құқығын жүзеге асыра отырып қана қоймай, сот билігінің беделін нығайтып, сот жұмысының сапасын жақсартады.

Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту, тілдің қолданылу аясын арттыруға күш салу.

Барша Қазақстандықтардың басын біріктіретін басты фактор – мемлекеттік тіл. Қазақ елінің туған тілін дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керек. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі, салт – дәстүрдің одан әрі дамуы, ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың ұлы жемісі- ана тілі. 

Думангүл Әуесханова 

Астана қаласының әкімшілік құқық

бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық соты әкімшісінің басшысы       

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.