ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУДІ ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАР БОЙЫНША ҚАЙТА БАСТАУ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУДІ ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАР БОЙЫНША ҚАЙТА БАСТАУ

Соттың заңды күшiне енген үкiмінiң, қаулысының, оның ішінде Қазақстан Республикасының ҚПК- нің(әрі қарай ҚПК) 71-тарауында көз­делген тәртіппен шығарылған қаулы­сының күшi жойылуы және қылмы­стық iс немесе осы Кодекстің 71-тара­уында көзделген тәртіппен тәркілеу туралы өтінішхат бойынша iс жүргiзу жаңадан ашылған мән-жайлар бой­ынша қайта басталуы мүмкiн.

Іс жүргiзудi жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау­дың негiздерi мыналар болып табы­лады:

1) соттың заңды күшiне енген үкiмiнде белгіленген, заңсыз немесе негiзсiз үкiм не қаулы шығаруға әкеп соққан жәбiрленушiнің немесе куәнің айғақтарының, сарапшының қоры­тындысының көрiнеу жалғандығы, сол сияқты заттай дәлелдемелердің, тергеу және сот әрекеттерi хаттама­ларының және өзге де құжаттардың жалғандығы немесе аударманың көрiнеу дұрыс жасалмауы;

2) соттың заңды күшiне енген үкiмiнде белгіленген, анықтаушы­ның, тергеушiнiң немесе прокурор­дың заңсыз және негiзсiз үкiм, қаулы шығаруға әкеп соққан қылмыстық әрекеттерi;

3) соттың заңды күшiне енген үкiмiнде белгіленген, судьялардың осы iстi қарау кезiнде жасаған қыл­мыстық әрекеттерi;

4) осы Кодекстiң 502-бабында көзделген тәртiппен тексеру немесе тергеп-тексеру арқылы белгіленген және прокурордың қорытындысын­да баяндалған, үкiм, ұйғарым шыға­ру кезiнде сотқа беймәлiм болған, өздігінен немесе бұрын анықталған мән-жайлармен бiрге сотталушы адамның кінәсіздігі туралы немесе оның ауырлық дәрежесi жөнiнен өзi сотталғаннан гөрi өзге қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны тура­лы не ақталған адамның немесе өзiне қатысты iс тоқтатылған адам­ның кінәлілігін айғақтайтын өзге де мән-жайлар;

5) сот актісін шығару кезінде сот қолданған заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні Қа­зақстан Республикасы Конституци­ялық Кеңесінің конституциялық емес деп тануы;

6) осы Кодекстің 71-тарауында көзделген тәртіппен тәркілеу үшін негіз болған қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтан соттың заңды күші­не енген ақтау үкімі не қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының неме­се құрамының болмауына байланы­сты қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулы негізінде босату не істі мәні бойынша қараған соттың үкімін­де мүлікті тәркілеуді ішінара немесе толық қолданбау;

7) өзіне қатысты іс осы Кодекстің 335-бабы екінші бөлігінің 2) тар­мағында белгіленген тәртіппен қа­ралған сотталған адам қылмыстық процесті жүргізетін органға келген жағдайда, оның ерік білдіруі.

Жаңадан ашылған мән-жай­лар бойынша қайта қаралуға жата­тын қылмыстық iстер бойынша сот шешiмдерi:

Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша:

1) айыптау үкiмi;

2) ақтау үкiмi;

3) iстi тоқтату туралы қаулы;

4) мүлікті соттың үкіміне дейін тәркілеу туралы қаулы қайта қара­луы мүмкін.

      Айыптау үкiмiн немесе мүлікті сот үкімі шығарылғанға дейін тәркілеу туралы қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша, сотталған адамның, ақталған адамның пайда­сына қайта қарау ешқандай мерзiм­дермен шектелмейдi.

      Сотталған адамның қайтыс бо­луы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша ақтау мақсатында iс жүр­гiзудi қайта бастауға кедергi болып табылмайды.

     Ақтау үкiмiн, iстi тоқтату туралы қаулыны қайта қарауға, сондай-ақ айыптау үкiмiн сотталған адам­ның жағдайын нашарлататын не­гіздер бойынша қайта қарауға тек қылмыстық жауаптылыққа тарту­дың ескiру мерзiмдері iшiнде және жаңа мән-жайлар ашылған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей жол берiледi.

Жаңадан ашылған мән-жайлар соттың заңды күшіне енген үкімімен анықталады және жәбірленушінің, куәнің айғақтарының, сарапшы қо­рытындысының көрінеу жалған­дығын, заттай дәлеледемелердің, тергеу және сот әрекеттері хаттама­ларының, өзге құжаттардың көрінеу жалған екенін, аударманың көрінеу дұрыс аударылмағандығын, анықта­ушының, тергеушінің, прокурордың, судьяның заңсыз және негізсіз үкім немесе қаулы шығаруға әкеп соққан заңсыз әрекеттерін куәландырады.

Жаңадан ашылған мән-жай­лар бойынша аудандық және оған теңестірілген соттың, апелляци­ялық немесе кассациялық саты­лардың үкімі (айыптау да, ақтау да), істі тоқтату туралы қаулысы, үкім шығарылғанға дейін заңсыз жолмен алынған мүлікті тәркілеу туралы қа­улысы ғана қайта қаралуы мүмкін. Өтінішхат үкімді, қаулыны шығарған сотқа берілуі тиіс. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхат апелляци­ялық немесе қассациялық сатыдағы сотқа, олар сот актісін процестік шешім қабылдаумен мәні бойынша қайта қараған жағдайда беріледі.

Егер сот актілері облыстық және оларға теңестірілген соттардың бұрын әрекет еткен кассациялық алқаларының қарау нысанасы бол­са, өтінішхатты осы соттардың апел­ляциялық сатылары алқалы түрде қарайды.

Айыптау үкімін немесе соттың үкімі шығарылғанға дейін заңсыз жолмен алынған мүлікті тәркілеу ту­ралы айыптау үкімін немесе қаулы­ны қайта қарау және сотталғанның немесе ақталғанның пайдасына іс жүргізуді қайта бастау мерзімдері шектелмеген. Ақтау үкімін, істі тоқта­ту туралы қаулыны немесе айып­тау үкімін сотталғанның жағдайын нашарлататын негіздер бойынша қайта қарауға екі негіздің жиынтығы сақталған кезде жол: егер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 71-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі өтпесе және жаңа мән-жай­лар ашылған күннен бастап бір жыл өтпесе жол беріледі. Жаңа мән-жай­лардың ашылу мерзімінің басталуын есептеу ҚПК-нің 501-бабының төртін­ші бөлігінде реттелген.

     Сотталған, ақталған адамның, оған қатысты іс тоқтатылған адам­ның, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдерінің, жәбірленушінің, жәбірленуші өкілінің, сонымен қа­тар азаматтардың, оның ішінде осы іс бойынша процеске қатысушылар­дың арыздарынан, ұйымдардағы ла­уазымды адамдардың хабарлама­ларынан алынған ақпараттың, басқа қылмыстық істерді тергеп-тексеру және қарау барысында алынған де­ректердің негізінде прокурордың іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жай­лар бойынша қозғау туралы өтініш­хат беру құқығы бар.

      Іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау екі сатыдан тұрады: іс жүргізуді қозғау және өтінішхатты жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қа­рау.

      Үкімнің немесе қаулының күші жойылған және тергеп-тексеру жүр­гізілген соң кейінгі сот талқылауын алғашқы үкімді шығарған сот ҚПК- да белгіленген жалпы тәртіппен жүргізеді. Іс апелляциялық сатының іс жүргізуіне, егер бұрын осы саты үкімді өзгерткен немесе күшін жой­ған, сондай-ақ кассациялық саты оның күшін жойған жағдайда, қайта қарау үшін беріледі.

     Жаңадан шығарылған үкімге не­месе қаулыға шағым берілуі, олар прокурордың өтінішхатымен қай­та қаралуы немесе оларға жалпы тәртіппен наразылық келтірілуі мүм­кін. 

Е.Е.Ибраимов 

Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы                                                                                  

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.