Сот жүйесінде мемлекеттік тілді жетілдіру

Сот жүйесінде мемлекеттік тілді жетілдіру

Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік тілдің қолдану аясы кеңейтіліп, мәртебесі артып келе жатқаны белгілі. Осы орайда айта кететіні еліміздің сот жүйесі де толықтай мемлекеттік тілге көшіріліп, іс қағаздары қазақ тілінде толтырылып, сот процестері мемлекеттік тілде өткізіледі.

Сондықтан да, ол - ұлттың өзгеден даралығын анықтайтын жалғыз да айрықша белгісі. Қай ұлт болсын тілі арқылы ғана ерекше болмысы мен табиғи қалпын, өзіндік дәстүрін көрсете алады. Ұлт тілінің мемлекеттік тіл ретінде танылуы тіл бағының жануы, мемлекеттік тілді білу сол мемлекеттегі әр бір азаматтың борышы саналуы тиіс. Мемлекеттік деңгейде тіл саясатының шешілуі – өте өзекті әрі тың маңызды мәселе. Бұл қазақ халқының рухани болмысының негізін сақтап дамуы, ұлттық идеологиялық саясаттың шешілуі деген сөз. Елбасымыз айтқандай, қазақ халқы бұрын жүздеген жылдар бойы аңсап келген тәуелсіздігінің арқасында тұңғыш рет мемлекеттік деңгейде өз ана тілінің мәртебесін Ата Заң арқылы белгілеп, бірінші рет қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды.

Істі қазақ тілінде жүргізу керек деген мәселе 1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданған сәттен бері және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы №4106 Жарлығымен бекітілген тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын 1998-2000 жылдар аралығында іске асыру барысында қоғамдық өмірдің барлық негізгі салаларында тіл құрылысы процесстерінің одан әрі кеңейюі мен тереңдеуі үшін алғы шарттар жасалды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекеттік тілді білу-Қазақстанның әр бір азаматының парызы. Міндеті деп те айтуға болады. Осы орайда мен барша қазақстандықтарға, оның ішінде қазақ тілін әлі жете меңгермеген отандастарыма үндеу тастағым келеді. Жастар ағылшын тілін немесе басқа да тілдерді аз ғана уақытта меңгере алатынын көріп отырмыз. Тұтас буын алмасқан осы жылдарда қазақ тілін үйренгісі келген адам оны әлдеқашан біліп шығар еді. Халқымызда «Ештен кеш жақсы» деген сөз бар. Ең бастысы, ынта болуы керек», — деп үн қосты. Әрине, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Жыл сайынғы Президент Жолдауларында, стратегиялық бағдарламаларда қазақ тілін қажет тілге айналдырудың негізі жасалып, бағыты көрсетіліп келеді. Алайда, мемлекеттік тілдің қолданысы әлі де біз ойлағандай деңгейде емес. Өйткені, қазақстандық соттар да мемлекеттік тілде қаралатын істер аз. Бұл республикамыздың көптеген аймақтарында бар мәселе. Өкінішке орай, істердің қай тілде қаралатынын соттар айқындамайды. Сот ісін жүргізу заңнамаларында белгіленгендей «Талап арыз сотқа қай тілде түссе, сол тілде іс жүргізіледі».

Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Сол бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады. Істі сот талқылауына дайындау кезінде екі тараптың да жазбаша өтініш хаты бойынша сот ұйғарыммен сот ісін жүргізу тілін өзгертуге құқылы.

Егер істі бірінші сатыдағы сотта қарауға дайындау барысында талап қоюшының өз өкілі талап қою берген тілді білмейтіні анықталса, онда сот талап қоюшының жазбаша өтініш хаты бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы ұйғарым шығарады.

Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс.

Еліміздің бас құжаты – Конституцияның 7-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Осы баптың екінші тармағында мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілінің ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатынын ақтыланған. Сонымен бірге Қылмыстық процестік кодексімен Азаматтық іс жүргізу кодексінде елімізде қылмыстық және азаматтық сот ісі мемлекеттік тілде жүргізілетіні атап көрсетілген. Яғни, заң талаптары айқындап отырғандай мемлекетімізде сот ісі қазақ тілінде жүргізілуі тиіс. Орыс және басқа да тілдер қажет болған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін. Өкінішке орай, кейбір процесске катысушылар қазақ тілін білмегендіктен сот ісін өзі жетік білетін тілде жүргізуге мүдделі. Бұдан әрине сотта мүддесі қорғалатын азаматтар зардап шегеді. Кейде осындай қазақша білмейтін бір адвокаттың кесірінен сот отырысына аудармашы алдырып, әр қатысушының сөзін аударып әуреге түсуге тура келеді.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, оны әрі қарай дамыту әр қазақстандықтың парызы, әрбір мекеме басшылары өз тарапынан, басқаруындағы қызметкерлерден хат алмасу т.б. мемлекеттік тілде жүргізуді талап етіп отырса, мекеме қызметкерлерінің де қазақ тіліне деген жанашырлықтарын оятып, қазақ тілінің мәртебесін өркендетуге болады деп есептеймін.

Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту, тілдің қолданылу аясын арттыруға күш салу. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан тілдік қорымызды үздіксіз жетілдіріп отыру үшін заңдар қабылданып, бағдарламалар жасалған. Осы мүмкіндіктерді пайдаланып мемлекеттік тілдің қолдану өрісін кеңейту өз қолымызда.

Р.К.Кыдыралин 

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының төраға м.а. 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.