Сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ!
Сыбайлас жемқорлық қоғам өмірінде келеңсіз құбылыстардың бірі. Себебі оның әсері ел болашағына, саяси даму тұрғысына, қоғамның барлық саласына, ұлттық қауіпсіздікке зиянын тигізеді. Бұл күрделі әлеуметтік мәселе деп білемін. Осы мәселе бойынша елімізде арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар біршама барлық. Осыған орай Қазақстан Республикасында 2015 жылы 18 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданды. Заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл ұғымы берілген-бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметін айтамыз.
Бүгінгі таңда Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік мәртебе берілді, қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп Сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу және шектеу бойынша кең ауқымды сыбайлас жемқорлыққа қарсы компания жүргізілуде. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Құқық бұзушылыққа қарсы күрестің қандай аспектілері әр түрлі деңгейлерде талқыланса да, оның ауқымының міндетті белгілерінің бірі сыбайлас жемқорлық болып табылады.
Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады, оның басымдылығы Мемлекет басшысымен нақты белгіленген.
Сондықтан сыбайлас жемқолықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының аға сот приставы
Р. Габбасов.
[xfvalue_img]