Еңбек келісімі, еңбек дауларын медиация арқылы шешу
Белгілі бір жас пен білім дәрежесіне жеткеннен кейін, жұмысқа тұрғандардың әрқайсысының еңбек жолы осы құжаттан басталады.
Еңбек шарты- заңмен рәсімделген екі жақтың әдетте «жұмыс беруші және жұмысшы деп аталады, нақты бір міндеттерді өзіне ерікті түрде алу туралы жазбаша келісімі болып табылады.
Аталған міндеттемелерді нақты анықталған шарттар негізінде уақыттың белгілі бір мерзімі аралығында орындайтындықтары баяндалады. Басқа кез келген құжат секілді еңбек келісімінің де өзіндік құрылымы мен мазмұны, рәсімдеу ережелері бар.
Еңбек келісімі жұмысқа орналасқан кезде немесе алдыңғы жасалған келісімнің кейбір шарттары (міндеттер мазмұны, еңбекақы мөлшері, жұмыс жағдайы т.б.) өзгерген жағдайда жасалады. Келісім жасауға ұйым әкімшілігінде белгіленген тәртіп бойынша қаралған жұмысшы арызы негіз болады. Еңбек келісімі сынау мерзімі, жұмыс берушінің міндеттерінен, жұмысшының міндеттерінен, келісімнің түрінен, уақытынан, еңбек пен демалыс тәртібінің ерекшеліктерінен, демалыс алу тәртібі мен оның мерзімі туралы мәліметтерінен, келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттардан тұрады.
Қай қоғамда болмасын, жұмыс беруші мен жұмысшы арасында еңбек заңнамасын қолдануға, келісімдердің, еңбек және ұжымдық шарттардың, жұмыс берушінің актілерінің талаптарын орындауға немесе өзгертуге қатысты даулы проблемалар туындап отырады. Қазіргі нарықты экономика және жекеше кәсіпкерлік жағдайында еңбектегі жанжал- жиі ұшырасатын құбылыс болып табылады.
Медиация еңбек дауларын шешудегі тиімді процедура болып табылады және қазіргі уақытта даму сатысында. Тараптар өз ара келісіп, дауларды медиация рәсімі арқылы реттейтін болса, онда оларда сәйкесінше сотқа жүгінбей ақ шешудің мүмкіндігі туындайды. Медиация еңбек қатынастарындағы түсініспеушіліктерді дер кезінде шешу үшін қолайлы рәсім болып табылады.
Азаматтар өздерінің еңбек құқықтық қатынаста бұзылған құқықтарын сот арқылы қорғауды жөн көреді. Өйткені, соттың ашықтығы, ақпараттың жеткіліктілігі, құқықтық сауаттың артуы әділ сот төрелігіне деген сенімді нығайтты.
Ақтөбе гарнизоны әскери соты әкімшісінің бас маманы- сот отырысының хатшысы Н.К.Агасылова
[xfvalue_img]