Еңбек дауларының алдын алу басты мәселе

Еңбек дауларының алдын алу басты мәселе

Еңбек даулары жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы келіспеушіліктен туындайды. Көбінесе еңбек заңдылыктары сақтала бермейді, еңбек келісімшарты дұрыс жасалмайды. Сонымен қатар азаматтар өз құқықтарына бейқам қарап, еңбек заңнамаларын оқымайды, соның салдарынан өзара келіспеушілік туындайды.

Еңбек кодексінің талабына сай, жеке еңбек даулары бойынша алдымен келісу комиссияларына, содан кейін ғана сотқа жүгіну тәртібі көзделген. Нақтырақ айтсақ жұмыскерлер немесе бұрын еңбек қатынастарында тұрган адамдар мен жұмыс берушінің келісу комиссиясына жүгіну жеке еңбек дауын сотқа дейін реттеудің міндетті сатысы болып табылады. Қандай да бір еңбек дауына байланысты мәселе туындаған немесе келісу комиссиясынын шешімі орындалмаған жағдайда ғана дау сотта қаралады. Осылайша даудың алдын алу шаралары заңмен нақтыланған.

Еңбек кодексінің 159-бабы 4-тармағына сай келісу комиссиясы болмаған жадайда, ол құрылғанға дейін дауды қарау мерзімі тоқтатыла тұрады. Яғни талап арыз беру мерзімі өтіп кетпейді. Комиссия дауды өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде карап, тараптарға шешімнің көшірмесін үш күнде береді.

Келісу комиссиясының кұзырына негізінен жалақы өндіру, еңбекке үстемақы, сыйақы төлеу және жұмысқа қайта алу туралы және басқа келіспеушіліктерге катысты даулар жатады. Келісу комиссиялары тұрақты негізде жұмыс істеп, кұрылым, ұйым немесе оның филиалдары мен өкілдері жанынан құрылады. Оның құрамына жұмыс беруші мен жұмысшылар ішінен теңдей мөлшерде өкілдер енгізіледі.

Дұрысында еңбек келісімшарты жұмыс беруші мен жұмысшы арасында міндетті түрде жасалуы тиіс. Бұл еңбек заңнамасының талаптары. Еңбек келісімшартын жасамаған жұмыс берушіге әкімшілік құқықбұзушылыққа жол бергені үшін жаза бар.

Тағы да бір айтып кететін жагдай, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Еңбек даулары және көпшілік құқықтық қарым-қатынас дауларынын алдын алу» жобасы іске косылды. Жария даулар алдымен өтініш берушінің келісімімен жоғары тұрган органдар құзырына жіберіліп, оған кәсіподақ өкілдері тартылады. Бұл өз кезегінде еңбек дауларын соттан тыс немесе сотқа дейін реттеу мүмкіндігін арттырып, келісу рәсімдерінің көбеюіне жол ашады.

Еңбек дауларын реттеуге сотқа дейін шешудің тиімді құралдарының бірі - медиация рәсімі. Медиация - тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылады. Медиация кезінде медиатордың ықпалымен тараптар арасындағы дау реттеледі. Қазіргі уакытта медиация институты өзінің тиімділігі мен қажеттілігін дәлелдеп, еңбек және басқа да дауларды шешудің танымал құралына айналды.

Дауды оңтайлы шешетін тараптардың өздері екенін коғамға жеткізу жолында соттар тарапынан жүйелі шаралар жүзеге асырылып келеді. Солардың ең біріншісі ретінде түсіндіру жұмыстарын атап өтуге болады. Түсіндіру шараларының медиация институтын дамытуда берері мол. Олай дейтініміз татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халыктың соттан тыс дауды реттеу мүдделілігін анықтау аталған институттың негізгі максаттарының бірі болып саналады. Осы шараға мекемелердің кәсіподақ төрағалары да қатысып отыр, еңбек даулары болған жағдайларда кәсіподақ төрағалары бейжай карамай, «Кәсіподақ туралы» заңда көзделгендей өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға, мемлекеттік органдармен өз өкілеттігі шегінде, жұмыс берушілермен, өзге де қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда қызметкерлердің өкілдері болып, медиация жүргізу кезінде, сотта құқықтық көмек көрсетуге құқылы. 

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының бас маманы - сот отырысының хатшысы Ожаева С.М.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.