«Мемлекеттік тілдің мәртебесі биік»
Мемлекттік тілді меңгерген аға буынның да үлес салмағы қуанарлық. Десе де, мемлекеттік тілді оқып- үйренуді жастарға ғана міндеттемей, сонымен қатар әр буынға, әр мекемеге жүктесе, Елбасы көрсеткен межелі уақытқа нәтижелі жетеріміз анық. Тіл тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында мемлекеттік тіліміз бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналды. Қазақ тілі үшін қабырғасы сөгіле мақала сілтейтіндердің санына жете алмаймыз. Бүгінде тіл туралы ерінбегеннің ерні жыбырлайды, бірақта біз әліде мемлекеттік тілімізді, қазақ тілін нақты дұрыс қолдана алмай отырмыз..
Қазіргі кезде сот саласында барлық іс қағаздары, келіп түскен өтініштер талап арыздардың мемлекеттік тілде жүргізілуде.
Тіл мәселесі елемейтін ескерусіз қалдыра салатын нәрсе емес. Дегенмен, «теңіз тамшыдан құралады» дегенді алға тартсақ, қазақ тілінің көркеюі осындай елусіз жәйттерден басталатынын байқаймыз. Болашақтың иелері қазақ тілінде сөйлеу үшін не істемек керек? Ал біздіңше, оның жауабы қарапйым ғана. Әрбір қазақ мемлекеттік тілді білуі керек қазақ тілінде сөйлеуі керек.
Абдуллин Ықылас Шайдукұлы
Бөкей ордасы аудандық соты әкімшісінің бас маманы сот-отырысының хатшысы
[xfvalue_img]