Сыбайлас жемқорлық- қауіпті құбылыс
Сыбайлас жемқорлық - кез келген дамыған мемлекет үшін қауіпті құбылыс. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын бұл індет, саяси даму жолындағы барлық елдің оң жетістіктеріне өз кедергісін тигізуде. Біздің еліміз-ТМД елдерінің ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңды қабылдаған тұңғыш мемлекет. Елімізде жемқорлықпен күресуге және оның алдын алуға баса мән беріліп келеді. Соның ішінде сот жүйесінде де бұл бағытта көптеген жұмыстар атқарылуда.
Сыбайлас жемқорлық қоғамды құлдырататын қатер екенін үнемі ескертіп, онымен күресті барлық салада қарқынды жүргізу қатаң бақылауға алынған. Айтып өткендей «Мемлекет және қоғам болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қажет». Сыбайлас жемқорлық жәй ғана құқық бұзушылық емес. Ол мемлекетке деген сенімділікті жоғалтады және ұлттық қауіпсіздікке де тікелей қауіп тудырады» аталмыш дертпен күрестің маңыздылығына аса мән бергені деп білеміз.
Қазақстанның көздеген мақсатына сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу арқылы ғана жетуге болады. Сыбайлас жемқорлық Тәуелсіздігімізге қатер тудыратыны, мемлекеттік биліктің тиімділігін жоғалтып, қоғамның мемлекетке деген сенімін бұзатыны, еліміздің экономикалық-әлеуметтік және рухани дамуына кедергі келтіретіні анық.
Сыбайлас жемқорлықпен күресте еліміздің сот жүйесінің де үлесі ауқымды деп айтуға болады. Бәрімізге белгілі еліміздің сот жүйесі тұтас алғанда азаматтардың құқықтары мен бостандығының, ұйымдар мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеді.
«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп ежелден ата-бабаларымыз бекер айтпағаны анық. Халықтың сот билігіне сенімі- ол халықтың жалпы заңға, мемлекеттік жүйеге деген сенімі деп айтуға болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық азаматтардың заң мен сот алдында теңдігіне кепілдік береді. Негізгі заңға сәйкес судья сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға бағынады.
Заңға бағыну және оны бұзғаны үшін теңдей жауапкершілікте болуы теңдей дәрежеде барлығына міндетті болып табылады. Ал сыбайлас жемқорлық үшін жаза әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарамастан бұлтартпастай болуы қажет.
ҚР Жоғарғы Соты қызметінің басым бағыттарының бірі сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алу болып табылады. Осы бағыттағы жұмысты жандандыру үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінде дербес құрылымдылық бөлімше - ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын - алу бөлімі құрылды. Осындай құрылымдылық бөлімшелер облыстық және оларға теңестірілген соттардың кеңселерінде де құрылды.
Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын-алу бойынша облыстық және аудандық соттарда да ауқымды іс-шаралар атқарылуда.
Сотта сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шараларын жүзеге асыру туралы бағдарламасы мен жоспарында көзделген іс-шаралар сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алудағы судьялар мен сот қызметкерлерінің басты мақсаттары мен міндеттері болып табылады. Аталған бағдарлама мен жоспарда облысымыздың соттарында сыбайлас жемқорлық туралы құқық бұзушылықтың алдын-алу және ескерту, судьялар мен сот қызметкерлерінің заңмен бекітілген шектеулер және тиым салулардың орындалуын бақылау, соттардағы сыбайлас жемқорлық фактісі мен факторларының орын алуы туралы азаматтық қоғам ортасында әлеуметтік сауалнама жүргізу, сот жүйесіне жоғары білікті мамандарды дайындау мәселесі бойынша заңгерлік бағыттағы жоғарғы оқу орындарымен жұмысты нығайту, судья лауазымына соттардың кеңсе мамандары арасынан кадрлық резерв қалыптастыру, интернет ресурстары мен телеарналарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнекөрсетілімдер жіберу, сот залдарын дыбыс-бейнежазбалар жүйесімен толықтай жабдықтау, істерді БААТЖ бағдарламасымен толықтай автоматты түрде бөлу және тағы басқа іс шаралар көзделген.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлықпен күресу тек қана құқық қорғау органдарының міндеті емес, ол жалпы азаматтық парыз деп санаймын.
Сондықтанда, өркениетті, дамыған азаматтық қоғамды аңсайтын әр азамат сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге және онымен күресуге тиіс.
БҚО кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Б.Ж. Калакова
[xfvalue_img]