Жасөспірімдер арасындағы есірткі, психотроптық заттар, сол тектестердің заңсыз айналымы
Қазіргі қоғамда жасөспірімдер арасындағы есірткі, психотроптық заттар, сол тектестердің заңсыз айналымы өзекті әрі күрделі мәселе. Буыны қатпаған жеткіншектің оңай жолмен ақша тапқысы келгені, оның жауаптылығын білмеуі, психологиялық үгіт-насихатқа сенуі үлкен даулы мәселеге әкеліп отыр. Бұған әсер ететін көптеген факторлар бар. Оның басты себебі әуестіктен басталады. Жасөспірімдер иланғыш, өз іс-әрекеттерінің салдарын дұрыс түсіне алмайды. Осы жағдайларды болдырмаудың алдын алудың негізі үйдегі тәрбие мен қоршаған ортаның ықпалы.
Адам нашақорлыққа келесідей жолдармен келеді және олардың бейімділігін арттыратын жағдайлар мыналар:
- ата-ананың баласын қадағаламауы, балаға уақыт бөлмеуі;
- әлеуметтік-экономикалық жағдайдың төмен болуы;
- ата-анасының нашақорлыққа тәуелдігі немесе ішімдікке құмарлығы;
- мектепте нашақорлыққа қарсы күрестің, алдын алуға үгіт-насихаттың болмауы;
- қоршаған ортаның, араласатын достарының нашақорлыққа әуес болуы;
- қызығушылығы мен еліктеуі;
- отбасылық дау-жанжалдардың жиі болуы және т.б.
Жас баланы нашақорлықтан қалай қорғауға болады? Қалай алдын аламыз?
«Тәрбие - тал бесіктен басталады» - демекші ең алдымен ата-ана мен баланың қарым қатынасы дұрыс болуы қажет. Бала мен ата-ана арасында ашық диолог болып, қоғамдық қаупі бар іс әрекеттердің алдын алуға жағдай жасалу керек. Ата-ана балаға көбірек көңіл бөліп, ішімдік пен нашақорлықтың салдары мен зияны туралы айтқаны дұрыс және ең бастысы өзін дүзеу керек деп ойлаймын.
Нашақорлық пен ішкіліктің бейімділігінің бір жолы - ата ананың оған қызығушылығынан болуы мүмкін екендігін ескерген жөн.
Мектеп қабырғасынан балаларға мектеп мұғалімдері, психологтар, мектеп инспекторлары тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілуі қажет. Егер жасөспірімдер оның зияны мен салдарын, оның күрделілігі мен жауаптылығынан хабардар болса қылмыстың аз да болса алдын алуға болар еді.
Есірткі құралдарының тасымалының алдын алуды күшейткенмен қоғамның қауіпті дертіне айналған бұл мәселенің саны азаймай отырғаны мәлім.
Қоғам мәселесіне айналған бұл дау әлеуметтік желілердегі чаттар арқылы заңсыз айналым жасалатыны белгілі. Есірткі қылмысын ашуда тасымалдаған және сақтаған тұлғалар ұсталғанмен, пайдаланушы және ұйымдастырушы тасада қалып отыр. Аталған мәселені түпкілікті тамырымен жойғанда ғана әрекеттен – берекет шығары хақ.
Қорыта келе айтқым келгені жасөспірімдер арасындағы есірткі, психотроптық заттар, сол тектестердің заңсыз айналымын алдын алуға жұмыстар шұғыл түрде жүргізілу керек.
«Нашақорлық – қоғам дерті» - Еліміздің Президенті мен билік өкілдері нашақорлыққа қарсы күрес шаралары мен жобаларын қалыптастырып келеді. Сондай-ақ, бірқатар Конституциялық заңдар мен нормативтік құқықтық актілер де қабылданды. Алайда, алда көптеген жұмыста жасалуы қажет.
Әр адам салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерге ең алдымен өзі тоқтауыл болу қажет.
Нұргүл Ғаниқызы
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
ауданарылық сотының бас маман – сот отырысының хатшысы
[xfvalue_img]