Әдеп Кодексі талаптарын сақтауға міндеттіміз
Әдеп кодексі - жалпы ережелер, мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық және көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары деп аталатын тармақтардан тұрады.
Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғарғы мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталғанын
Осы кодекстің 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық - әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылған.
Ал, 5-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер адал, әділ, қарапайым болуы, жалпы қабылданған моральдық - әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы тиіс .
Сондай-ақ, Әдеп кодексінің 5-тармағының 13)-тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер жасағаны үшін заңнамада тәптіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге тиіс .
Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппаратың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс екенін білеміз.
Сонымен қатар, Әдеп кодексінің 7-тармағының 1) және 3)-тармақшаларына сәйкес,мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге және қызметтен тыс уақытта өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиістіміз.
Бұдан басқа, Әдеп кодексінің 8-тармағының 1) және 2)-тармақшаларына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде - ұжымда іскерлік және тілектестік өзара қарым-қатынасты әрі сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге және басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге немесе оларды болдырмау жөнінде өзге шаралар қабылдауға міндеттміз.
А.Искакова
Жаңақала аудандық сот әкімшісі басшысы:
[xfvalue_img]