Мемлекеттік тілдің мәртебесі
Қазақстан Республикасының егеменді, тəуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық құқық белгілерінің бірі - мемлекеттік тіл. Еліміз егемендік алғалы ана тіліміз мемлекеттік мəртебеге ие болды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі қазақ тілі, мемлекеттік тіл еліміздің барлық аумағында қолданыс үрдісінде кеңейді.
Қазіргі таңда мемлекеттік органдар мен сот отырысында жəне қоғамның жан-жақты салаларында оңтайлы əлеуметтік лингвистикалық кеңістікке қол жеткізу үшін жаңа қадамдар жасалуда. Еліміздегі əр ұлт, əр азамат, мемлекеттік тілді құрметтеуі тиіс.
Ғасырлар қойнауынан сондай анық, таза күйінде бізге жеткен, халқымыздың өткенінен хабар беретін асыл мұрамыздың бірі, ынтымақ пен бірліктің жығылмас туы, тәуелсіздігіміздің айғағындай болған туған тілімізді «Толғауы тоқсан қызыл тіл» деп айту бекер емес. Қазақ тілінің мерейін асқақтатып, мәртебесін көтеру мақсатында атқарылып жатқан жұмысты жіпке тізгендей санап беруге болады.
Дей тұрғанмен, еліміздің егемендік алып, тәуелсіздік тәжін кигелі ширек ғасырға жуық уақыт өтсе де, қаншама жұмыс жасалып жатса да, мемлекеттік тілдің дәрежесін Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілін құрметтей отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде, оның кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету деген биік мақсатқа әлі жетпегеніміз анық.
Әр халықта тіл - сөйлеу мен ойды жеткізудің құралы ғана емес, өзге елдердің алдында дәрежесін айқындап, тарихынан сыр шертетін, тамырынан хабар беретін, еңсесін биік көтеріп, болашағына болжам жасайтын қастерлі де, қасиетті тұғырлы қаруы екені мәлім.
Қуаныш К.А.
Ақтөбе гарнизоны әскери соты
әкімшісінің жетекші маманы
[xfvalue_img]