Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресейік
Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қайсын болмасын да қатты алаңдататыны айқын.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізіне басымдықтарының бірі осы сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресейік болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі таралмауы үшін оған бөгет болудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде түбегейлі қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы жәнеадамгершілік міндеті деп білуге керек.
Біз қазір жаңаша өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетістіктеріміз де баршылық. Ал шешімі күрделі әлеуметтік мәселелер де бар. Қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе, ол-сыбайлас жемқорлық. Ол сондай-ақ шенеуніктердің пара алуы немесе олардың арам пиғылдары түрінде де көрініс табады. Сыбайлас жемқорлық – бұл елдің бүкіл экономикасын қамтуы мүмкіндігіне және мемлекеттік аппараттағы шешімдерге, шағын, орта және ірі бизнестің тиімділігіне, сонымен қатар экономиканың аграрлық секторына және т.б. дамуына тежеуіне болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.
Жаңақала аудандық соты әкімшісінің бас маманы-
сот отырысының хатшысы А.Т.Мендалиев
[xfvalue_img]